№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұрпақ саулығы - ұлт бағдары

Ұрпақ саулығы - ұлт бағдары

«Білім күні» қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқы жыл сайын үлкен үмітпен күтетін «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауда: «Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе» деп атап өтті. Халықтың көбі осы бір сөзіне тәнті болып, өз ойларын ашып айтуда.


Біз «Бала – бауыр етің» деген сөзді жиі қолданамыз. Өйткені өзегіңді жарып шығып, ұйыған қаннан ұядағы балапанға айналған құлыншақтың құдіреті адамның ет жүрегін елжіретіп, жүзіңе қуаныш, жүрегіңе жұбаныш сыйлайтыны анық. Баяғыда бір анадан «Қай балаңды қатты жақсы көресің?» деп сұрағанда: «Ауырған баламды жазылғанша, шығып кеткен баламды оралғанша, кіші баламды өскенше жақсы көремін. Кеудемдегі жүрегім тоқтағанша, бәрін жақсы көріп өтемін» деген екен.

Балалар қауіпсіздігіне қауіп төнді¬ретін тағы бір жайт, интернет әлеміндегі әртүрлі бейнелер. Смартфонға байлан¬ған сәбилер санасының улануына ғалам¬тордың да тигізер әсері әсте көп. Әлеу¬меттік желілерден көргенін істеуге құл¬шынып тұратын бүгінгі балдырғандарға торапқа кіруге тосқауыл қою пайдалы ма деген ойға келесің кейде. Мәселен, жыл басынан бері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі порнографиялық материалдарды таратқан 1,5 мыңға жуық интернет-ресурсты бұғаттаған. Сонымен қатар полиция департаменттерінде құ¬рылған мамандандырылған топтар ин¬тернетті қолдану арқылы қылмыс жасай¬тын педофилдерді анықтау бойынша шаралар жүргізуде.
Міне, осы мәселеге мемлекет аса көңіл бөлуі бізді де қуантып отыр!

Файзулла САХИЕВ
04 қыркүйек 2023 ж. 187 0