№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Дәрумендердің артық болуы несімен қауіпті? Эндокринолог ескерту жасады

Дәрумендердің артық болуы несімен қауіпті? Эндокринолог ескерту жасады

Kyzylorda-news.kz. Көпшілік иммунитетін арттыру үшін ББҚ (БАД) және дәрумендерді белсенді іше бастайды. Эндокринолог Зухра Павлова  Doctorpiter порталына оларды бақылаусыз іше берсеңіз, оның ағзаға зияны тиюі мүмкін екенін айтты.


Дәріханалық дәруменді ішкенде тұрған ештеңе жоқ, бірақ анализ тапсырғанда оның жетіспейтінін анықталған болуы керек. Дәрумен жетіспеушілігіне барлық адам шалдығуы мүмкін. Себебі көп жағдайда норманы тек тамақтан алу мүмкін емес. Көкөністерде, жемістерде және дәнді-дақылдарда баяғы кездегідей пайдалы заттар көп емес. Оған кінәлі - пайдасына емес, көптігіне жұмыс істейтін технологиялар. Мұндай көкөніспен тамақтанған мал етінің құрамы да нашарлау болады. Сондықтан қазіргі заманда қосымшалар қажет болуы әбден мүмкін.
"Алайда ескеретін бір нәрсе бар: қосымшалар (БАД немесе дәрумендер) нақты мөлшерде ғана қажет және олар бәріне бірдей керек емес", - дейді эндокринолог.
Медицинада бірнеше базалық принцип бар. Олардың негізгілеріне мыналар жатады: "Primum non nocer" - "Зиян келтірме", "Guantum satis" - "Қажетінше".
Дәрумендер де өмірлік маңызы бар заттар секілді қажет мөлшерде келуі керек. Оның жетіспеушілігі де, артық болуы да ағзаға зиян келтіре алады.
Ең қауіпсіз түрі - суда еритін дәрумендер
Көпшілік суда еритін дәрумендер ағзаға зиян келтірмеуі мүмкін. Бірақ "қауіпсіз" С дәруменінің өзін нормадан көп іше берсеңіз, ол ағзаға зиян келтіреді: бүйректе тас түзіліп бастайды.
В тобы дәрумендері
Олар тамақтан энергия алуға көмектеседі және эритроциттер қалыптасуына қатысады. Бұл дәрумендер жүйке жүйесі және ми жұмысының дамуы үшін қажет. Сондай-ақ олар гендер мен жасушалық сигналдар реттелуіне қатысады.
Бірақ олар артық болып кетсе, ағза үшін қауіп төндіреді:
В6 дәруменінің артық болуының жүйкеге уытты әсері болады, яғни ол жүйке жүйесінің зақымдалуына әкеледі;
В12 дәруменінің артық болуы қан ұйыту жүйесінің белсенділігін арттырып жібереді, ал ол жүрек жеткіліксіздігі, өкпе қабынуын дамытады.
Майда еритін дәрумендердің зияны көбірек
D, Е, А және К дәрумендері артық болса, олар майлы тінге жиналады. Олардың бір бөлігі бейтараптандырылуы (ағзада сондай механизм бар) мүмкін, бірақ қалған қор елеулі зиян келтіруі мүмкін.
"А дәрумені артық болған кезде орын алатын қызғалт сары тері - минималды салдар, ол уақыт өте өздігінен кетеді", - дейді Зухра Павлова.
Ал К дәруменінің артық болуы мынадай жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін:
Бауыр қызметінің бұзылуы;
Ми тінінің зақымдалуы;
Тершеңдік;
Гемолиз;
Ұйыған қан
Қан ұйыту жүйесі белсенділігінің артуы.
"Дәрумендердің де мөлшерін сақтау керек, сол үшін құрамында дәрумендері мен минералдары көп емдік құралдармен аса әуестенбеген дұрыс. Тіпті, қарапайым дәрумендер жинағын ішіп бастамас бұрын дәрігермен кеңесіп, анализдер тапсырған дұрыс", - деп қорытындылады дәрігер.
10 шілде 2023 ж. 179 0