№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қызылорда облысында өндіріс орындарының жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр

Қызылорда облысында өндіріс орындарының жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр

Kyzylorda-news.kz.  Басқарма басшысы Исатай Ансат кәсіпкерлік нысандар мен өндіріс орындарын аралап, жұмыс барысымен танысты.


Алдымен Исатай Сәбиұлы Қызылордада орналасқан «NOMAD» цехына барды. Қала тұрғыны Бауыржан Қамзаев мәрмәр тастан раковина жасап шығарады.
Кәсіп иесі бұл кәсіп түрін Шымкент қаласындағы цехтардың бірінен үйреніп, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде 5 млн. теңге грант есебінен «NOMAD» брендімен тұрмысқа қажет 12 түрлі раковина жасап келеді.
Бауыржанның айтуынша, құрал-жабдықты Ресейден алдырғанмен шикізат – Арал ауданындағы Шөміштің құмы. Бұйымның сапасына біржылдық кепілдік беріледі. Жақында дүкен ашып, тұрғындарға қолжетімді бағада сатуда.
Бауыржанның ендігі ойы – кәсібінің аясын кеңейту. Цех салып, сол жерде раковина ғана емес, ванна, душ, кабина дегендерді дайындап шығару.
Мұнан соң кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Сәбиұлы құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін цехына барды.
Жеке кәсіпкер Айбол Серікбаев шығарып отқан өнімдерінің бірі «МИР» кафельге арналған желім. Бұл суға төзімді, гидравликалық тұтқыр толтырғыштардан және денсаулыққа бейтарап полимерлік қоспалардан тұратын цемент қосылған қоспа болып табылады. Қызылорда қаласының бірнеше мөлтек аудандарындағы құрылыс материалдарын сату дүкендерінде жүзеге асыруда. Тәулігіне 1-1,5 тонна өндіріп отырды.
Өндірілген өнім облысымызға қарасты аудандарға, жеке кәсіпкерлерге және көршілес жатқан облыстарға кеңінен танылды. Қазіргі уақытта, сапасы мен бағасы жөнінен тиімділігін түсінген тұтынушылардан сұраныс көбейе түсті (25 кг қап -900 теңгеден сатуда). Осы орайда, өндіру көлемі тәуілігіне 3 тоннаға артты.
Сонымен қатар, кәсіпорын өз тұтынушыларға жаңа өнім ұсынды. «ALIN» әмбебап шпатлевкасы – табиғи ғаныш қосылған жоғары сапалы қоспа болып табылады. Қабырғалар мен төбелерді тегістеуге арналған сылақ, ішкі жұмыстар үшін арналған. Көлемі 25 кг қаптың бағасы – 1300 теңге. Өндіру қуаттылығы тәулігіне 1-1,5 тонна құрайды. Цехтағы жабдықтар мен қондырғылар жартылай автоматтандырылған.
Жұмыс барысымен танысқан Басқарма басшысы:
- Қазіргі таңда кәсіптің көзін тауып, өз ісін бастаған кәсіпкерлердің күн санап саны артып келуі көз қуантады. Алдағы уақытта өз ісін бастаған кәсіпкерге Басқарма тарапынан қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз.Бастаған кәсібіңізге сәттілік, алдағы уақытта өнім көлемі ұлғая берсін,- деді Исатай Ансат.
03 шілде 2023 ж. 198 0