Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жеке куәліктегі қатені қалай түзетуге болады?

Жеке куәліктегі қатені қалай түзетуге болады?

Kyzylorda-news.kz. Жеке кәулігінде қате кеткен қазақстандықтар аз емес. Олардың туу туралы куәлігінде аты-жөні дұрыс жазылмағандықтан барлық құжатында қате болады. Көбісі артынан машақаты көп болады деп, құжатын ауыстыруға асықпайды. Кеңестік кезеңдегі «ов-ев»-тан құтылғысы келетіндердің де ойы осындай. Алайда қазіргі кезде бұның бәрін оп-оңай түзетуге мүмкіндік бар. Алдымен туу туралы кәулікті түзету керек.



Барлық жеке құжат туу туралы куәліктің негізінде беріледі. Сондықтан алдымен соны түзетіп алу керек. Бүгінде бұл рәсім барынша жеңілдетілген.
«Туу туралы куәлікке түзету енгізу үшін, я болмаса, жеке мәліметті ауыстыру үшін электронды үкімет порталы арқылы өтініш жіберуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталығы да өтініш қабылдайды. Сосын тұрғылықты жері бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне барып, барлық құжатты тапсыру қажет», - дейді мамандар.
Өтінішпен бірге қате жазылған құжаттар да тапсырылады. Сондай-ақ 0,5 айлық есептік көрсеткіш (1 750 теңге) көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Барлығы дұрыс болса, жаңадан туу туралы куәлік беріледі.
18 жасқа дейінгі баланың құжатында қате болса, өтінішті ата-анасы, асырап алушылар немесе қамқоршылар беруге тиіс.
Куәліктен «ов-ев»-тар қалай алынады
Қазақстанда 1996 жылы куәліктегі адамның аты-жөні, тегі мен әкесінің атын қазақша жазуға рұқсат берілді. Сол кезде қабылданған жарлыққа сәйкес, ұлты қазақ азаматтар тегi мен әкесiнiң атындағы қазақ тiлiне тән емес аффикстi алып тастауға құқылы. Алайда тегi мен әкесiнiң атының түбiрлiк негiзi сақталуға тиiс. Осылайша, "ов-ев" сияқты орысша жұрнақты алып тастап, әкесiнiң атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай "ұлы" немесе "қызы" сөздерін қосып жіберуге болады.
E-gov порталында көрсетілген мәліметке сәйкес, текті қазақша жазу рәсімі өзгерту, толықтыру немесе түзету болып саналмайды. Сондықтан акт жазбасына түзету енгізілмейді. Халыққа қызмет көрсету орталығына бірден өтінішпен жүгінуге болады. Жеке куәлікті ауыстыру кезінде ұлттық-тарихи дәстүрлерді негізгі себеп ретінде көрсеткен жөн. Ал баланың құжатына өзгеріс енгізілсе, ХҚКО-ға немесе АХАЖ бөліміне қазақ тілді транслитерациясымен қайтадан туу туралы куәлікке өтініш жазу қажет.
Кей кезде мамандар өтініш берген адамның аты-жөні қазақ тілінде қалай дұрыс жазылатынын өздігінен анықтай алмайды. Ондайда тіл білімі институтынан анықтама алуға болады. Оны да азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне апару керек. Өтініш бес күннің ішінде қаралады.
02 маусым 2023 ж. 188 0