№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2020 жыл: паспорт және жеке куәлік бағасы

2020 жыл: паспорт және жеке куәлік бағасы

2020 жылы төлемдерді есептеу кезінде қолданылатын айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 651 теңгеге дейін өсті.
Қазақстанда құжат алу құны мемлекеттік баждың құнына тең. Ал мемлекеттік баж жыл сайын өзгеретін ең төменгі есептік көрсеткішке байланысты болады. 2020 жылы жеке куәлік, паспорт және жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады.
Айта кету керек, мемлекеттік бажды халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттарды алуға өтініш берген кезде немесе eGov.kz сайтында алдын ала төлеуге болады.

Паспорт пен жеке куәлік алу қанша тұрады

Паспорт алуға мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК немесе 21 208 теңге.
Жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 530 теңге.
Жеке куәлікті ауыстыруға уақытылы өтініш бермеген жағдайда айыппұл – 7 АЕК немесе 18 557 теңге.
Әдетте құжаттарды алу мерзімі 15 күнге дейін уақыт алады.
EGov электронды үкіметінің сайты хабарлағандай, қосымша ақы төлеп, құжаттарды жедел алуға болады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары үшін:
  • Жеделдіктің бірінші санаты – бір жұмыс күніне дейін – 4 983 теңге;
  • Жеделдіктің екінші санаты – үш жұмыс күніне дейін – 2 752 теңге.
Облыс орталықтары үшін:
  • Жеделдіктің бірінші санаты – үш жұмыс күніне дейін – 4 983 теңге;
  • Жеделдіктің екінші санаты – бес жұмыс күніне дейін – 2 752 теңге.
Облыстардың аудандары мен қалалары үшін:
  • Жеделдіктің үшінші санаты – жеті жұмыс күніне дейін – 1 166 теңге.

Туу туралы куәлік алу

Қазақстанда туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі.
Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру кезінде – 0,5 АЕК немесе 1 325 теңге.
еGov мәліметіне сәйкес, баланың туғанын тіркеу қызметін ұсыну мерзімі – екі жұмыс күні, қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – жеті жұмыс күні.
Қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу – 30 күнтізбелік күннен аспайды.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады

Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК немесе 3 314 теңге.


07 қаңтар 2020 ж. 1 471 0