Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан әкімі Мажит Самитовтың 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай құттықтауы

Аудан әкімі Мажит Самитовтың 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай құттықтауы



Ардақты аналар мен аяулы арулар!

Сіздерді шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Табиғат тіршілігі көктемнен бастау алса, адамзат өмірі ардақты анадан бастау алады. Ананың жүрегінен тараған мейірім мен шапағат, ақыл мен парасат бізге сенім мен жігер сыйлап, өмірімізге мән мен сән береді. Тіршілігімізге нәр беріп, айналамызды мейірім мен жылулыққа бөлеп жүрген өздеріңізге әрдайым басымызды иеміз.
Қоғам өмірінің қай саласында болмасын әйел затының еңбегі айқын сезіледі. Бүгінде нәзік жандылар тек отбасының ұйытқысы ғана емес, ел дамуының түрлі салаларында табысты еңбек етіп, ауданымыздың әлеуметтік - экономикалық және рухани - мәдени өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді.
Тәуелсіз еліміздің нығайып, көркеюіне қадірлі әйелдер қауымының қосқан үлесі орасан зор. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен парасаттылықтарыңыз қоғамымыздың берекесі мен бірлігін нығайта түсуде.

Осы шуақты мереке күні Сіздерді тағы да шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке мен мол қуаныш тілеймін!
08 наурыз 2026 ж. 61 0