№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында бір күнде бес азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Жаңақорған аудандық сотында бір күнде бес азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Ертеректе әділдік іздегендер билерге жүгініп, дауларына төрелік айтуын сұраған. Бүгінде бұл қызмет әлемдік тәжірибеде «медиация» деген атауға ие. Медиация рәсімі халқымызда ежелден келе жатқан «бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» деген қағидамен алты алашты ауызына қаратқан бітімгер билердің жұмыстарының бір саласы. Қазіргі таңда бітімгер билердің қызметін кәсіби медиаторлар мен татуластырушы судьялар атқарады.


Қазіргі таңда бітімгер билердің қызметін кәсіби медиаторлар мен татуластырушы судьялар атқарады.
Медиация сот жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, талап қоюшы мен жауапкердің де уақытын үнемдеуге де сеп болады.

Бүгінде азаматтық істер бойынша неке бұзу, алимент өндіру, қарыз ақша өндіру, еңбек дауларының кез-келгені медиация рәсімін пайдалану арқылы жүргізіледі.

Араздасқан жандардың өткір мәселесін шешіп, істі сотқа дейін жеткізбей және сот барысында шешу кәсіби медиаторлар мен татуластырушы судьяның жұмысы.

Қазіргі таңда аталған медиация рәсімі Жаңақорған ауданында жүйелі жолға қойылған.

Дау-дамайлардың басым бөлігі бітімгерлердің және татуластырушы судьялардың тәжірибелі, іскерлігінің арқасында оңтайлы шешілуде.
Мәселен осы аталған медиация тетігін пайдалану арқылы Жаңақорған аудандық сотының судьясы Э.Рысқұловтың іс жүргізуіндегі бес азаматтық іс бір күнде медиация тәртібімен өз шешімін тапты.

Аталған бес азаматтық істің бесеуі де талап қоюшы коллекторлік агенттігі ЖШС-нің жауапкерлер несие беру туралы шартқа сәйкес қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық істер қарап, аталған істер медиация тәртібімен өз шешімін тапты.

Татуластырушы судьямен жүргізілген татуластыру рәсімдері нәтижесінде тараптар сотқа дейінгі хаттама жасап, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін жасағандарын көрсетті.

Жасалған медиациялық келісімдерге сәйкес талап қоюшы талап қоюынан бас тартса, жауапкерлер қарыз сомасын белгіленген мерзімде бөліп төлеуге міндеттенген.
Айта берсек, медиация тәртібін қолданудың оң, жағымды тұстары өте көп.
Демек, осы Заңмен берілген мүмкіншіліктерді іс жүзінде қолдану арқылы ғана, оның қолайлылығы мен тиімділігін байқауға болатындығын атап өту қажет.

Қоғамнан қолдау тапқан жоба бітімгершілікке шақырады. Бұл өз кезегінде елдің бірлігін нықтау үшін жолға қойылған сенімді бастама десек болады.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
30 мамыр 2023 ж. 112 0