№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАРЫЗ АҚША ӨНДІРУ ТУРАЛЫ ДАУ МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕЛДІ

ҚАРЫЗ АҚША ӨНДІРУ ТУРАЛЫ ДАУ МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕЛДІ

Медиация сот жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, талап арыз беруші мен жауапкердің де уақытын үнемдеуге де сеп болады.
Араздасқан жандардың өткір мәселесін шешіп, істі сотқа дейін жеткізбей және сот барысында шешу кәсіби медиаторлар мен судья медиатордың жұмысы. Қазіргі таңда аталған медиация рәсімі Жаңақорған ауданында жүйелі жолға қойылған.
Дау-дамайлардың басым бөлігі бітімгерлердің және судья медиатордың тәжірибелі, іскерлігінің арқасында оңтайлы шешілуде.
Аталған медиация тетігін пайдалану арқылы Жаңақорған аудандық сотының өндірісіндегі азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді.
Аталған азаматтық іс бойынша талап қоюшы С сотқа талап қою арызын беріп, онда жауапкер У-дан 280 709 теңге қарыз ақшаны өндіруді сұраған және бұл медиация тәртібімен өз шешімін тапты.
Жасалған медиациялық келісімге сәйкес талап қоюшы талабынан бас тартса, жауапкер У 280 709 теңге қарызын 2022 жылғы ақпан айының 20 бастап ай сайын 15 000 теңгеден бөліп төлеуге міндеттенді.
Нәтижесінде, аудандық соттың ұйғарымымен аталған азаматтық істің сот өндірісі сотпен тараптардың медиация тәртібінде татуласуларына байланысты тоқтатылды.
Сондай-ақ аталмыш «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы осы уақыт аралығында өзінің өзектілігін дәлелдеуде.
Дау мұраты бітім екенін түсінген тараптар медиация тәртібімен мәселесін шешуге ынталы.
Мұны аудандық сот өндірісіндегі көптеген істердің бітіммен шешіліп жатқандығынан да байқауға болады.
Әділ төрелікке негізделген алаңда көбіне алимент өндіру, неке бұзу, қарыз ақша өндіруң еңбек дауларына қатысты мәселелер көбіне сотқа жетпей және сотта өз шешімін табуда.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
21 желтоқсан 2021 ж. 313 0