№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медиация тәртібі

Медиация тәртібі

Жаңақорған аудандық сотында бір күнде екі азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Ертеректе әділдік іздегендер билерге жүгініп, дауларына төрелік айтуын сұраған.

Бүгінде бұл қызмет әлемдік тәжірибеде «медиация» деген атауға ие. Медиация рәсімі халқымызда ежелден келе жатқан «бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» деген қағидамен алты алашты ауызына қаратқан бітімгер билердің жұмыстарының бір саласы. Қазіргі таңда бітімгер билердің қызметін кәсіби медиаторлар мен татуластырушы судьясы атқарады.
Медиация сот жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, талап қоюшы мен жауапкердің де уақытын үнемдеуге де сеп болады.

Бүгінде азаматтық істер бойынша неке бұзу, алимент өндіру, қарыз ақша өндіру, еңбек дауларының кез-келгені медиация рәсімін пайдалану арқылы жүргізіледі.

Араздасқан жандардың өткір мәселесін шешіп, істі сотқа дейін жеткізбей және сот барысында шешу кәсіби медиаторлар мен татуластырушы судьяның жұмысы.

Қазіргі таңда аталған медиация рәсімі Жаңақорған ауданында жүйелі жолға қойылған.

Дау-дамайлардың басым бөлігі бітімгерлердің және татуластырушы судьялардың тәжірибелі, іскерлігінің арқасында оңтайлы шешілуде
Жаңақорған ауданында және аудандық сотта «Медиация туралы» Заңның да қолдану ауқымы кеңейгенін көруге болады.
Мәселен осы аталған медиация тетігін пайдалану арқылы Жаңақорған аудандық сотының судьясы Э.Рысқұловтың іс жүргізуіндегі екі азаматтық іс бір күнде медиация тәртібімен өз шешімін тапты.
Аталған екі азаматтық істің біреуі талап қоюшы «Микроқаржылық ұйым ЖШС-нің жауапкерден несие беру туралы шартқа сәйкес қарыз сомасын өндіру туралы және бір іс бойынша талап қоюшы мен жауапкердің арасындағы қарыз ақша өндіру туралы азаматтық істер қаралып, аталған істер медиация тәртібімен өз шешімін тапты.
Татуластырушы судьямен жүргізілген татуластыру рәсімдері нәтижесінде тараптар сотқа дейінгі хаттама жасап, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін жасағандарын көрсетті.
Жасалған медиациялық келісімдерге сәйкес талап қоюшылар талап қоюынан бас тартса, жауапкерлер қарыз сомасын белгіленген мерзімде бөліп төлеуге міндеттенген.
Айта берсек, медиация тәртібін қолданудың оң, жағымды тұстары өте көп.
Демек, осы Заңмен берілген мүмкіншіліктерді іс жүзінде қолдану арқылы ғана, оның қолайлылығы мен тиімділігін байқауға болатындығын атап өту қажет.
Қоғамнан қолдау тапқан жоба бітімгершілікке шақырады. Бұл өз кезегінде елдің бірлігін нықтау үшін жолға қойылған сенімді бастама десек болады.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
18 мамыр 2022 ж. 250 0