№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

2021 жылғы 11 ақпан күні ZOOM платформасы арқылы Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұжымының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және парасаттылық құзіретін дамыту" тақырыбында семинар өтті.
Кездесуге "NUR OTAN" партиясының Қызылорда облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы қатысты.
Шара барысында Мақсұт Ыбрайханұлы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді іс-қимыл жасау үшін ашықтықты қамтамасыз ете отырып, әр-бір қызметкер қызметтін заң шеңберінде адал атқаруды және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі түрде жемқорлықтың салдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігін атап өтті.
Сонымен қатар департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы баяндап, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі тәжірибесі мен қызметшілердің сыйлықтар алуына толық тыйым салуды және жақын туыстардың бірлескен жұмысына салынған шектеулерді атап өтті.
Семинар соңында Қызылорда облысының әділет департаментінің басшысы Бакишева Ирина Жумабаевна 2020 жылғы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар жөнінде және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданып жатқан жұмыстар жайлы хабарлама жасады.
Шара соңында қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, сауалдарға жауаптар берілді.
 
12 ақпан 2021 ж. 519 0