№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жасанды түсік – қоғам қасіреті

Жасанды түсік – қоғам қасіреті


Елімізде жүкті әйелдердің әрбір бесіншісі жасанды түсік жасатады. Дүниежүзілік статистика бойынша, жасөспірімдер арасындағы жүктілік едәуір артқан және соңғы жылдары көбеймесе азаймай отыр деген ақпарат тағы бар.


Мамандар кәмелетке толған қыз-жігіттермен ашық түрде жыныстық қарым-қатынастың зияны жайлы жиі пікір алмасып, ата-аналар тсүіндіру жұмыстарын жүргізу керек деп есептейді. Бүгінгі бойжеткен қыз – ертеңгі ана. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетуге тиісті сол болашақ аналарымыз бүгінде өз өмірлеріне өздері балта шауып жүрген жайы бар. Сол аруларымыз некесіз бала көтеріп қалумен қатар, құрсағындағы шарананы жасанды түсік жасатып, алып тастап жатқаны қаймана қазақтың қасіреті десек, қателеспейміз. Тіпті оқушылар арасында да осы қадамға баратындар көп. Бірнеше жыл бұрын мұндай әрекетке 15-16 жастағы қыз балалар барса, қазіргі кезде 12 жастағы жасөспірімді де осы қатардан көре аламыз. Ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі жасөспірім қыздардың екінші мәрте түсік жасатқан деректері кездеседі. Қазақстанда жасанды түсік жасату көрсеткіші экономикасы дамыған елдерден әлдеқайда көп екен. Бұл – ащы да болса шындық.
– Жасанды түсік – тірі жанды өлтіру деген сөз. Дегенмен, әйелдің өз еркімен түсікті жасауына біздің елде еш кедергі жоқ. Баласынан безінген әйелдер медициналық тәсілмен шарананы алдыртып құтылғанымен, айықпас дертке шалдығатынына немқұрайлы қарайды. Жасанды түсік жасаудың әйел адамға зиянды тұстары өте көп. Біріншіден жатырға зақым келеді. Табиғат ана әйелдің жаратылысын өзгеше етіп жаратқан ғой. Жүктілік дегеніміз – бұл физиологиялық үрдіс. Бұл кезде әйел адамның ағзасында гармон өзгерістері жүреді. Бүкіл ағза өзгеріп, жаңаша қалыпқа енеді. Алайда, оны мезгілсіз уақытынан бұрын үзген кезде, барлық гармондардың бұзылуының салдарынан ана бездерінің қызметі әлсіреп, жұмысы қалыпсыз болып қалады. Бұл бедеулікке әкеп соғатын себептердің бірі. Ең өкініштісі, қабынудың салдарынан әйел бала сүю бақытынан айырылуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, созылмалы ауруларға ұшырайды. Аурулардың емі нәтижесіз болса, біраздан кейін жатырда, аналық бездерде ісік пайда болады. Түсіктен кейін әйелдің жүйке жүйесінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. Әйелдің ағзасы жүктілікке дайын болған кезде процесті тоқтатып тастау күйзеліске ұшыратады.
Жасанды түсік жасатудың басты себебі – тәрбиенің жоқтығы. Мен ең бірінші анасын кінәлаймын. Қыз балаға қатаң тәртіп пен тәрбие керек. Олар әлі жас болғандықтан, болашақтарын ойлауға саналары жетпейді. Жасанды түсік жасату организмге өте қауіпті. Біріншіден, бедеулікке әкеліп соғады. Сонымен бірге бүкіл ағзаға, мысалы жүйке жүйесіне салмақ түседі, емшек бездері өзгеріске ұшырайды. Жастарға айтарым, қандай жағдай болса да өз беттерінше әрекет етпей, міндетті түрде дәрігер мамандармен кеңескен дұрыс. Өз беттерінше дәрі-дәрмек қолдануға мүлдем тыйым салынған жөн, оның зардабын өмір бойы тартатындарын өкінішке орай көпшілігі түсіне бермейді. Мені маман ретінде қыздарымыздың болашағы алаңдатады.
Қазақта «Сұрап алған аурудың емі жоқ» демей ме? Әйтсе де, мұндай қадамға кімдер барады деген сауал мазалайтыны сөзсіз. Ойланып қараған адамға, жасанды түсік – ұлт қасіреті. Бағамдап қарасақ, қаншама сәби дүниеге келмейді, мыңдаған қыз өмірге ұрпақ әкеле алмайтын дертке шалдығады. Соның әсерінен ұлт санының өсуі де тоқтайды. Қорыта келгенде, түсік жасату – адам өлтіргенмен пара-пар. Демек, ол – қылмыс.

Жазира Акпейлова,
Аудандық аурухананың терапия бөлімінің мейірбикесі

05 қазан 2023 ж. 426 0