№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ІЗГІ МАҚСАТ ІЗІМЕН БОЛСЫН

ІЗГІ МАҚСАТ ІЗІМЕН БОЛСЫН



Соңғы жылдары көпшілік шарада халықтың «палауға таласу» тақырыбы интернетте хит болып алыпты. Өткенде қызылордалықтардың қазан басындағы таласын тамашал едік, енді Жаңақорғандықтардың жарысы желіні желдей кезіп жүр. Кеше сенбі күні орталық «Ғани дүкені алдында шатыр құрылып, әлеуметке қазан-қазан ас берді. Сол жайылған дастарханға әдебімен барып отырып, бұйырғанын кезекпен ішіп-жеп, батасын беріп кету үлкен қиындық тудыратырн мәселе емес қой. Көрініс мүлде олай емес. Жан-жақтан анталап тұрғандарды ашқұрсақ дейін десең үстеріне ілген киімі жоқ-жұқаға ұқсамайды, қазанға түсіп кетердей жанталасып, қолына тиген үлесін қысып ұстап шетке шығып кетіп жатыр. Қайта айлығы шайлығынан аспайтын қарапайым жандар көнбіс, барға қанағат етіп, бұйырғанына шүкір етеді. Әлеуметке әрдайым азық-түлік таратқан науқанды да, мүмкіндігі шектеулі сәбилерге сыйлық үлестірген шараларды тілші ретінде қадағалап жүрмін,сол жарымжан бүлдіршіндерді қуантуға әкелінген велосипедтің екі-үшеуін тартып алып кеткен әйелдердің ісі тіпті ақтауға келмейді. Не деген ашкөздік еді?!
Наурыз мерекесіне орай жер-жерде, ұжым-мекемелерде Наурыз көже беріліп жатыр. Соның біріне көрші Түркістан қаласына барғанда да жолымыз түсті. Кішкентай ұлын жетелеген жігіт «Наурыз көже ішемін» деп қоймаған баласының қыңқылымен бір столға жақындап еді, организация бұл, бере алмаймыз» деп бетін қайтарып тастағанына мына жақта қарадай ызам келді. Өздері бір белді акционерлік мекеме екен, атын дабырайтып жазып қойыпты. Дастараханы еменде-семен жайнап тұр. Басшылықтың Наурызға бөлген мол сыбағасын ел-жұртқа ұсынуды білмей, көрінгеннен қызғанып тұрғаны айдан анық көрініп тұр.
Мұндай көрініс өзімізде де жиі байқалып келеді. Самсатып дастархан жасағанымен қашан әкім қараның төбесі көрінгенше тірі жанды жолатпай, жасанды мәрттікпен ұпай жинап тұратындарды не дейміз? Наурыз – көпшіліктің мерекесі. Әркім қолында барын ұсынып, жылдың берекелі болуына ниет етеді. Бізді қойшы, бала жетектеген үлкендер «Бұл үйге әйей көкелер кіреді, бұл бананды жеуге болмайды» дегенді түсіне қоюы қиын. Бала деген сол. Ақырында амалсыз күшке салып, баласын жылата сүйреп алып кетіп бара жатқанды көріп көңілімізді су сепкендей етті.

Айтпақшы,әлеуметтік желідегі ақпаратқа сенсек,Қармақшы ауданының жуырда ғана тағайындалған әкімі киіз үй құрған, тамақ дайындаған мекеме, кәспорындарға, кәсіпкерлерге «әкімді күтудеміз деп халықты иіріп қоюдың қажеті жоқ. Есігің ашық болсын, бауырсағыңды пісіріп, наурыз көжелеріңді тарата беріңдер. Киіз үйлерді де байдың үйіндей жасамай кәдуілгі халық тұтынатын аяқ табақты келген халыққа бөле-жармай тамақ беріңдер» деген тапсырмасы көңілімізден шықты. Біздің аудан әкімі де халықшыл, көңілі жұмсақ, бала десе елжіреп тұратынын білеміз. Ол кісінің де ойлағаны халықтың ризашылығы еді-ау! Басшы да сол халықтың дегені болып, көңілі толып тұрғанын қалайды. Құдайы деп берген асты айнала жұртқа ақ көңілмен ұсынып, алғысын алып жатқанға не жетсін? Осы бір олқы тұсымыз әдетке айналмай әрнәрсені жөн-жоралғысымен атқарған дұрыс-ау.Халық та мәдениеттілікті сақтап, тегін берген нәрсеге есесі кеткендей таласпай, өз мерейімізді өзіміз көтеруге тырыссақ екен.
«Байдың асын байғұс қызғанады» деп жүрмеңіздер, біздің ойымыз әділетті қоғам құрып, әкім де, халық та бір арнада ойы түйісіп, берекелі де мерекелі күн кешсек, киелі топырағымыздың қадір-қасиетін қашырмай, жұмылған жұдырықтай пәтуәлі тіршілік етсек ұтпаймыз ба?Сіз қалай ойлайсыз, оқырманым?
Мақпал МАРҚАБАЙ
05 сәуір 2023 ж. 224 0