№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛАЛАРДЫҢ ҚУАНЫШЫ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

БАЛАЛАРДЫҢ ҚУАНЫШЫ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ



Ежелде Наурыз мейрамы 13 күнге жалғасқан. Сонда адамдар ауыл - ауылды аралап, наурыз көжеден дәм татып, «Наурыз» әнін айтып, бір-бірін жаңа жылмен құттықтап, жақсылықтар тілейтін. Мерекеде халық түрлі ойын - сауық ойындарын ұйымдастырып, салт - дәстүрлерді дәріптеп, ат жарыстырып, алтыбақан тепкен.
Міне осындай Наурыз тойы Жаңақорған кентіндегі "Жұбаныш - А" бөбекжай балабақшасында өтті. Балақайлар ата - аналарына би билеп, ән шырқаумен ғана шектелмей, түрлі қазақтың салт - дәстүрлерін насихаттауда өз жастарына қарамай жақсы орындап шықты.
Айта кетейік, мұнда 120 ға жуық балақайларға үш тілде білім берумен қатар, қарым - қабілеттерін шыбықтайынан шыңдауға білікті мамандар тартылған. Олар баланың физикалық, зияткерлік қабілетін дамытып қана қоймай, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.
Жалпы, балабақшаның жеті жатын бөлмесі мен арнайы жабдықталған екі оқу кабинеті бар. Сондай - ақ жуыну бөлмелері мен асханалар желісі де заманауи талаптарға сай. Ғимараттың екінші қабатында ойын бөлмелері бөлек орналасқан.
Жалпы «Жұбаныш-А» балабақшасы 2016 жылы белгілі кәсіпкер, меценат, ауданның "Құрметті азаматы", елге Атымтай жомарт атанған марқұм Амангелді Мүбәрәкұлы Абдуллаевтың қолдауымен ашылған болатын.
"Үнемі толымды істің басы - қасында жүрген марқұм Амангелді Мүбәрәкұлы балабақшаны пайда табу мақсатында емес, бүлдіршіндер дүниеге бір кірпіш болып қаланып, ұлағатты ұрпақ өссе деген мақсатпен ашқан еді" деп замандас досы, ауданымыздың абыз ақсақалы Зейнабдин Шермағанбет ылғи да айтып жүреді.
Ия, байқағанымыздай ең бастысы балалар да оларды тәрбиелейтін балабақша қызметкерлері де дән риза.
30 наурыз 2023 ж. 186 0