Елімізде жаңа газ өңдеу зауыты 2025 жылы іске қосылады
Республиканы газбен қамтамасыз ету жөніндегі үкімет отырысында 2025 жылы Қашағанда жаңа газ өңдеу зауыты іске қосылатыны айтылды деп хабарлайды Stan.kz.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов алдағы уақытта дайындық жұмыстарын жеделдетіп, жаңа газ зауытының егжей-тегжейлі жол картасына қол қою қажеттігін атап өткен болатын.
«Қашаған кен орнындағы жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда қуаттылығы 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытының құрылысын талқыланды. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары мен жабдықтармен үздіксіз қамтамасыз ету белсенді жүргізілуде. Кәсіпорынның іске қосылуы 2025 жылы күтілуде», - делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сонымен қатар, кен орнында 4 миллиард текше метрлік тағы бір ірі газ зауытының құрылысы пысықталып жатыр. Жобаны екі кезеңде жүзеге асыру жоспарлануда.