№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МАСАНЫҢ МАЗАНЫ АЛАТЫН КЕЗІ КЕЛДІ

МАСАНЫҢ МАЗАНЫ АЛАТЫН КЕЗІ КЕЛДІ

Күн жылынды. Жаз басталды. Енді масаның мазаны алатын кезі келеді. Кейде масаның шаққаны шыдатпай, мазаңызды алады. Қол астында дәрілік құралдар болмаса, көмегі тиетін кей әдістерді ұсынамыз. 
1. Қасымаңыз. Масаның шаққанын қасымаңыз, себебі аллергиялық реакция беретін гистамин заты шығып кетеді. Сіз оны қасу арқылы қышуын баспайсыз, керісінше, бірнеше есе ұлғайтып аласыз. 
2. Жуыңыз. Маса шаққан жерді сабындап жуу жәндік сілекейінің қалдығын кетіруге көмектеседі. Қышу азаяды және жара тез жазылады. 
3. Спиртпен сүртіңіз. Ол дезинфикациялайды, қышуды азайтады және ісігенін басады. Қолға арналған антисептикті де қолдануға болады. Егер шыдамай қасып қойған болсаңыз, бұл әдіс инфекциядан қашуға көмектеседі. 
4. Мұз басыңыз. Суық та ісікті басады. 
5. Алоэ қолданыңыз. Егер қол астында алоэ бар болса, жапырағының ұшын кесіп алыңыз. Маса шаққан жерді сол жапырақ бөлігімен сүртіңіз. Алоэ қышуды тыныштандырады және жылдам жазылуына көмектеседі. Кесіп алынған жапырақ бөлігін тоңазытқышқа салып қоюға болады. Суық оның әсерін ұлғайтады. 
6. Тіс пастасын жағыңыз. Жалбыз қышу мен қызуды тиімді басады, бірақ ол әр кез қол астында болмайды. Сондықтан жалбыз дәмі бар тіс пастасы болса, соны жағуға болады. 
7. Ас содасынан қоспа дайындаңыз. Сезімтал теріге арналған қарапайым қоспа дайындауға болады. Ол үшін 3 шай қасық ас содасын 1 шай қасық сумен араластырыңыз. Осы қоспаны маса шаққан жерге жағыңыз. Ол маса сілекейі уын бейтараптандырып, қышуды басады.
8. Аспирин дәрісін езіңіз. Аспирин ұнтағына тығыз паста болғанша су құйыңыз. Ол да ісікті кетіріп, ауырғанды басады. Егер шаққан жер қышуын тоқтатпай, оған қоса бас ауруы және жоғары температура пайда болса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

Massaget.kz
12 мамыр 2018 ж. 1 841 0