Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы
Еліміздің ертеңі саналатын ұл-қыздарын салт –дәстүрлермен сусындатып, туған елін, жерін адал сүюді және көзінің қарашығындай сақтап, қорғауды әрбір азаматтың аяулы борышы деп түсіндірген. Қазіргідей көптеген әдеби, мәдени оқулықтар толассыз ақпарат көздері болмаса да ұлттық салт-дәстүрімізді ұрпақ санасына сіңіре білген сол уақыттың адамдарын қалай кемеңгер демессің. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді.
Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер үшінші мыңжылдықтың білімді, саналы жастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктері сөзсіз. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауын, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру.
Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі. Біздің мақсатымыз-қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жан-жақты үйлесімді тұлға қалыптастыру. Егер біз ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, онда ол тұлға ретірде дұрыс қалыптасып, жетіледі, яғни жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өседі. Мен «Болашақ» бөбекжай бақшасында тәрбиеші қызметін атқарамын. Біздің мекемеге ауданның түкпір-түкпірінен тәжірибе жинауға тәлімгерлер келеді. Тәрбиелік мәні зор әр түрлі іс-шаралар өтіледі.
Тәрбиенің ең маңызды түрінің бірі – ең алдымен өз халқын, өз Отанын сүюден басталғандықтан, патриоттық тақырыпта «Мен өз елімнің патриотымын» ән кеші, «Жыл мезгілдері» тақырыбында мәнерлеп оқу сайыстары өтіліп отырады. Кешенімізде балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында дәстүрге айналған кітап оқу жарысы өтеді. Балалар білім мен тәрбие көзі әдеби кітаптарда екенін түсініп, кітап оқудың маңыздылығын ұғынады.
Балалармен бірге еліміздің салт-дәстүрлерін, адамгершілік қасиетті айқындайтын «Адамгершілік – асыл қасиет» тақырыбында аңыз, өсиеттерді көрініс ретінде қойып қана қоймай, балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту біздің басты мақсатымның бірі. Тәрбиелік маңызы зор әр түрлі тақырыптарда тәрбие сағаттар, жүректен-жүрекке шеңбері өтіліп, балалар адам бойында адамгершілік құндылықтарды, өз құрбы – құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым – қатынасын жасай білу, өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға бере алғанда оның болашағы биікте болары сөзсіз түсінеді.
Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі. Басты ұстаным балалардың ең алдымен өз халқын, өз Отанын сүюден басталуын бойларына сіңіру. Менің түсінігім бойынша – мұғалім мамандығы жасандылықты қаламайды, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді. Балалар біздің болашағымыз. Ертеңіміз, болашағымыз өсіп келуде. Бізден жаңа қоғам ғана жасалып келе жатқан жоқ, жаңа адамда жасалып келеді. Ұстаз шәкіртін түсіне білу керек. Сену керек. Дос болу керек.
Ұстаз болу – қиын, бірақ ардақты іс – шәкірт пен ұстаз арасында достық сезімнің берік болуы қажет. Бала тәрбиесі – үлкен өнер. Әр балаға, әр түрлі тәсіл керек. Бала жүрегі кішкентай ғана күй сандық, ол кілтін тапсаң ғана ашасың. Мұғалімдердің қолында әр кез сол кілт жүру керек. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын мектеп болғандықтан, бұрынғыдан да зор жауапкершілік артуда.
Әр шәкірт мектеп арқылы өмірге жолдама алады. «Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз ғана тәрбиелей алады». Сонда ғана, жастар болашағының шоқтығы биік болмақ. Сол ұлы тәрбиелі жолда шаршамайық, ізгілік нұрын себуші, жол нұсқаушы ұлағатты ұстаздар.
Ақтолқын Сарбасова.
"Болашақ"бөбекжай бақшасының тәрбиешісі.