Жемқорлық – қоғам дерті
Елдің дамуы мен әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу жолындағы маңызды қадамның бірі – сыбайлас жемқорлықты жеңу. Бұл тек біздің елдің ғана емес, әлем елдерінің алдына қойған маңызды мәселесі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет – мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі.
«Жаңақорған аудандық архиві» филиалында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оларды болдырмау мақсатында жыл басынан іс-шаралар жоспарланып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру мен мемлекеттік заңды құрметтеу дәстүрін қалыптастыруда. Ол үшін төмендегі шаралар ұйымдастырылуда:
2013 жылдан бастап архив қорындағы тұрақты сақтаудағы құжаттар, яғни әр істің парақтары сандық форматқа көшірілуде. Сандық формат дегеніміз архив қорындағы тұрақты сақтаудағы құжаттардың әрбір жеке парақтарын сканерлеп, деректер базасында электронды нұсқада сақтау.
2021 жылдан бастап аудан әкімшілігі, ауылдық округтер және аудан әкімдігінің бөлімдері ведомстволық архивте уақытша сақтауда тұрған құжаттарды сандық форматқа өткізіп, «Құжаттардың бірыңғай электронды архиві» ақпараттық жүйесіне енгізу процесі қолға алынуда. «Құжаттардың бірыңғай электронды архиві» ақпараттық жүйесі – деректер базасында тұрған электронды құжаттарды жинақтап, бір жүйеде сақтап, уақытша сақтау мерзімі өткеннен кейін қағаз түрінде және электронды нұсқада мемлекеттік сақтауға архив қорына өткізу. Қазіргі таңда жасалып жатқан ақпараттық жүйе бойынша архив мамандары ұйымның жауапты мамандарына семинар, сабақ және оқулар өткізіп, тәжірибе жүзінде кеңес беруде. Қағаз жүзінде құжаттарды электронды нұсқасын жасау, азаматтардың қажеттілігін жедел орындап, сақтау процесінің ұзартылуына мүмкіндік береді. Архив саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жалғасын таба береді.
Мақпал АШИМОВА,
«Жаңақорған аудандық архиві» филиалының ақпараттық-технологиялар
инспекторы