№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы

Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы

Мемлекет басшысы жариялаған ауқымды реформалардың маңызды аспектілерінің бірі азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жаңа әлеуметтік саясат. Осыған байланысты ең үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік қолдауды белсенді тағайындау үшін отбасының цифрлық картасын енгізуді, балаларды әлеуметтік қорғау шараларын күшейтуді, мүгедек азаматтар үшін, әсіресе ауылдық жерлерде арнайы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды көздейтін әлеуметтік кодекс қабылдануда.
 2023 жылдан бастап бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға санаторийкурорттық емделу қызметіне әзірленген абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жылына бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндеілесіп жүрушінің шығындарын өтеп беру үшін жұмыстар жүргізілуде.

Әлеуметтік кодекс аясында2023 жылдан бастап мемлекет мүгедектігі бар адамдарға қамқорлық жасайтын азаматтарға зейнетақы және әлеуметтік аударымдар төлейді. Осылайша, олар әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енеді, ал мүгедектерге күтім жасау зейнетақыны есептеу кезінде еңбек өтіліне есептелетін болады. 80 пайыз жағдайда мүгедектерге жақындары қарайды. 2023 жылдан бастап олар жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде тіркеледі. Қазір жеке көмекшілер барлық зейнетақы және әлеуметтік аударымнан босатылған. Әрине, мүгедекті бағып-қағу кезеңі зейнетақы тағайындау кезінде олардың еңбек өтіліне есептелмейді. Ал егер оларға кенеттен қандай да бір әлеуметтік қауіп төнсе, олар қорғалмайды.

Сондықтан әлеуметтік кодексте олар үшін аударымдар қарастырылады. Барлық зейнетақы, әлеуметтік аударымдар – Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына, Бірыңғай Ұлттық зейнетақы қорына. Мүгедектігі бар адамға күтім жасау уақыты зейнетақы тағайындау кезінде және асыраушысынан айырылу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу, жұмысынан айырылу сияқты түрлі әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде еңбек өтіліне ескеріледі, бұл адам МӘСҚ тарапынан да қорғалады. Қазір бұл жоқ, 2023 жылдан бастап әлеуметтік кодекс аясында жоспарланған.

Аудан бойынша 7715 зейнеткерлер, 2212-мүгедектігі бар адамдар бар (оның ішінде 1-топтағы-173, 2-топта-635, 3-топта-892, мүгедек балалар-512). Біздің бөлім жалпы мүгедектігі бар адамдар ішінен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасымен қамтылғандармен жұмыс жасайды, олардың саны-1156.

Бұл азаматтарға санаторий-курорттық, протездік-ортопедиялық, арнаулы жүріп-тұру, тифло-сурдотехникалық, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етумен, 1-топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметімен, естуі бойынша мүгедектерге ымдау тілі мамандарының қызметімен қамтамасыз етіліп келеді.

ҚР Үкіметімен бекітілген 2021-2025 жылға дейінгі «Аманат» партиясының «Өзгеріс жолы» «әркімге лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламаның жол картасын орындау мақсатында аудан бойынша 2022 жылы 34 объекті мүгедектігі бар адамдарға бейімдеу жоспарланып, жыл соңына дейін толық орындалып, қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілді.

2023 жылы 32 объектінің тізімі айқындалып, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылды.
07 қаңтар 2023 ж. 260 0