Қазақстандықтар 2023 жылы қанша күн демалады?
2023 жыл қазақстандықтар үшін мерекелер саны қысқарады. Өйткені бұл жылы мерекелердің көбі аптаның ортасына сәйкес келіп тұр. Сондықтан ұзақ демалыс күндерінің қатары өте аз. Сондай-ақ осы жылы бес күн жұмыс істейтіндер үшін 245 жұмыс және 120 демалыс күні бар екенін де айта кетейік.
Қаңтар айында Жаңа жылға 3 күн – 1, 2 және 3 қаңтар;
Наурызда 3 күн – 21, 22 және 23 наурыз;
Сәуір мен мамыр айында Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн – 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн – 6, 7, 8 және 9 мамыр;
Шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн қатарынан демалыс болады – 6, 7, 8 және 9 шілде;
Желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн – 16, 17 және 18 желтоқсан, өйткені 16 сенбіге сәйкес келеді.
2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді. Себебі, 7 қаңтар сенбіге сәйкес келеді. Егер діни мереке сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, қосымша демалыс берілмейді.
Құрбан айт 2023 жылы 28 маусымға сәйкес келмек.