Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 060

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Еңбек өтілі 30 жылдан асқан педагогтар біліктілік тестілеуден босатылды

Еңбек өтілі 30 жылдан асқан педагогтар біліктілік тестілеуден босатылды

30 жыл және одан көп педагогикалық стажы бар мұғалімдер бұдан былай ұлттық біліктілік тестін тапсырмайды. Тек қызмет нәтижесінің жан-жақты аналитикалық қорытындысын, яғни портфолионы ғана тапсырады, деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" сайты Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

"Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдердің аттестациядан өту ережесіне өзгерістер енгізді. Бұл ретте педагогтердің ұсыныстары мен тілектері ескерілді. Мысалы, бұрын еңбек өтіліне және тәжірибесіне қарамастан барлық мұғалім ұлттық біліктілік тестін тапсырса, енді жекелеген санаттар осы тест тапсыру түрінен босатылады. Бұл үлкен, 30 жыл педагогикалық өтілі бар, зейнетке шығуға 4 жыл қалған мұғалімдерге де қатысты. Аттестация мұғалімдердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында өткізілетінін, оның нәтижелері бойынша оларға біліктілік санаттары тағайындалатынын немесе бекітілгенін және жалақының 30-дан 50%-ға дейінгі мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төленетінін атап өтемін», - деді Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Каримова.
03 қаңтар 2023 ж. 455 0