Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 533

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына 100 млрд теңге қаржы бөлінеді

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасына 100 млрд теңге қаржы бөлінеді

2023 жылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыруға мемлекеттен 100 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бағдарлама бойынша жыл сайынғы кредиттеудің нақты көлемі нарықтағы банктердің нарықтық ипотекалық өнімдері мен олардың дамуына байланысты белгіленбек.

Бағдарлама шарттарына енгізілген өзгеріс – енді бір несие алушы бағдарламаға бір мәрте ғана қатыса алады. Ал бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз мерзімі, өңірлер бөлігінде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны сынды параметрлер бойынша ешқандай өзгеріс жоқ.

Айта кетйік, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы 2018 іске қосылған болатын. 22 желтоқсандағы жағдай бойынша, 852,2 млрд теңге көлемінде 64 146 жеңілдетілген қарыз берілген. 
 
26 желтоқсан 2022 ж. 538 0