№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жомарт жүректі азамат

Жомарт жүректі азамат

Кіндік қаны тамған туған топырағының ғана емес, Сыр өңірінің өркендеуі жолында, халықтың әлеуметтік жағдайының жоғарлауына, елдік мүдде мақсатында жүрген бірегей азаматтардың көшінде Жанкелді Ойшыұлының есімі тұруы заңдылық. Өйткені, ел үшін туған тұлғаның басқаны айтпағанда Жаңақорған ауданы үшін атқарған арқалы жұмысы ұшан-теңіз. Елмен етене араласып, елдік мүдде жолында халыққа қалтқысыз қызметімен танылып жүрген облыстық мәслихат депутатын қалай дәріптесек те жарасады. Өйткені, жомарт жүректі азаматтың ар ісі көпке үлгі.


  Ағамыздың еңбек жолына аз-кем тоқталсақ, ол Сырдария ауданында Қараөзек совхозында құрылыс шебері болып еңбек жолын бастайды. Көп уақыт өтпей пророб қызметі иығына жүктеледі.

– Ол кезде Сыр өңірінің тізгінін Еркін Әуелбеков ағамыз ұстап, өміршең істерімен ерекшеленіп жүрген кезі еді. Қазақстандағы әлеуметтікэкономикалық қайта құру жұмысының жүруіне үлкен үлесін қосқан қайраткер ағамыз қарапайымдылығымен және мәселе туындаса шұғыл шешетін шешімталдылығымен есте қалды.

Еркін Нұржанұлының қатысуымен өткен бір жиында құрылыс шебер ретінде баяндама оқыдым. Жиналыстан кейін қабілет-қарымымды  байқаса керекті, пророб қызметіне ауысуыма пәрмен берді. Міне, ол кісінің осындай қамқорлығын көрдім, – дейді халық қалаулысы.

1988-1990 жылы Тереңөзек ауданы агроөнеркәсіп бірлестігінің бас маманы, құрылыс кооперативінің басшысы, 1990-1994 жылы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының құрылыс бөлімінің бас маманы, басшысы, 1994-1996 жылы «Гауһар» КЖК директорының орынбасары, 1996- 2001 жылы «ОSТ» ЖШС директоры қызметін атқарып, елдік істерге араласып, бастамашыл, іскер, мақсатшыл қабілет-қарымымен көпке танылды. 2001 жылы «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты» ЖШС негізін қалап, өңірдегі өнім өндіретін бірегей кешенге айналдырды.

Жәкеңнің депутат ретінде атқарған шаруасы шаш-етектен. Мәселен, аққұмдықтар облыстық мәслихат депутатына дән риза. Аққұм елді мекенінде мектеп бой көтерді, медициналық бекет пайдалануға берілді. Жол түсті. Осындай жұмыстарда Жанкелді Ысқақов хал-қадірінше қол созды. Облыстағы басқарма басшыларымен бірге дүркін-дүркін келіп, туындаған мәселелерді шешудің жолын іздеді. Олар: мектептің орнын ауыстыру, әлеуметтік нысанға электр жарығын әкелу, халықаралық жолмен елді мекенді байланыстыратын жолдың түсуіне көмегін тигізді.

Айта берсе, бұдан өзге де өміршең істері көп. Соның бірі – шаруа қожалықтардың қыстауына күн сәулесінен электр қуат алатын панельдер орнатуға бастамашыл болды. Бүгінде аудандық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратын жобалау, салу жұмысымен айналысуда. Одан бөлек, шығармашылық жандарға да қолдауды аямады. Яғни, руханиятты көтеруге, талантты тұлғалардың талабын шыңдауға келгенде тартынып қалған емес. Әрине, руханият, мәдениет саласын қолдап, демеу көрсету үшін адамның тегі, тамыры мықты болуы тиіс. Ал, біздің Жәкеңнің тегі мықты, өрісі кең, азаматтық ұстанымы нық екені жасырын емес.

Бұл кісінің ел үшін атқарған еңбектерін бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Біз тек қана өткен өнегелі істерінен қысқаша ой түйіп, шамаладық. Айтпақшы, руханият адамы ауданға келгенде біздің ұжымға да сәлем беретіні бар еді. Сонда бірер сауал жолдаған едік. Сондағы сауал арасында қызмет жайында еді.

– “Қызметсіз пенде қанатсыз құс секілді, қиындықсыз өмір бір күндік түс секілді” дейді. Сіз жүріп өткен жолдан қандай із қалды?

– Неміс философы Фридрих Энгельс «Адамды адам еткен еңбек» деген екен. Міне, біз осы ұстанымды ұстап өстік. Қолда бардың қадірін біліп, уақытты текке жоғалтпайтынбыз. Соның нәтижесінде еңбекке ерте араласып, пісіп жетілдік, қызметте абыройлы болдық. «Қызылорда азтонналық мұнай өндеу зауыты» ЖШС жиырма жыл бұрын негізін қалаған едік. Бүгінде зауыт АИ-80, жазғы және күзгі дизель отынын, мазут пен пештік отын (печное топливо) өндіруде. Жылына 100 000 тонна мұнайды өңдеуге қауқарлы. Одан да бөлек шаруа шаш етектен.

Ал, депутат ретінде атқарар қызмет аз емес. Айта берсем мақтанғандай боламын, халық өзі таразылап алар. Ең бастысы, білім саласына, оның ішінде мектептерге қатты көңіл бөлемін.

– Шындыққа тура қарай аласыз ба?

– Қарай аламын, қарауға тырысамын. Себебі, жағымпаздық, өтірік айту дегенді ұнатпаймын. Ер азамат екі сөйлемеу керек. Жігіт сөздің емес, істің адамы болғаны дұрыс. Әңгімемізді осылай қысқаша қайырған едік. Бүгінде 60 жасты алқымдап, ағалықтан асқан шақта да туған өлкенің өсуіне адал еңбегімен үлес қосып жүрген жанның есімі қашанда құрмет биігінде.

Әли ТЕМІРБЕК
22 желтоқсан 2022 ж. 232 0