№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Теміржолшылар тәртібі темірдей

Теміржолшылар тәртібі темірдей

Ғасырлар көшінде ел мен елді, қала мен қаланы байланыстырып, алыс пен жақынды, туған мен туысты тоғыстырып келе жатқан теміржол транспорты қызметкерлерінің еңбегі қашанда құрметке лайық. Осы салада жолсерік, механик, жүргізуші, вагон қараушы сынды жауапты саланың жүгін көтеріп жүрген еңбеккерлерді қалай дәріптесек те жарасады. Теміржолшылардың төл мерекелері қарсаңында аудандағы вагонға жауапты білікті мамандармен сұхбаттасудың сәті түсті.

Біздің мақсат Қазалы пайдалану вагон депосына қарасты Жаңақорған бақылау бекетінің жұмысымен танысу болды. Қазір мекемеде 9 вагон қараушы және 1 аға вагон қараушы, барлығы 10 адам жұмыс жасайды. 2001 жылдан аға вагон қараушы қызметінде жүрген Әділхан Ақылбеков өз қарамағындағы қызметкерлерге басшылық жасайды.
– Жалпы бақылау бекеті 1980 жылы құрылған. Негізгі атқаратын қызметіміз – Жаңақорған станциясы арқылы өтетін барлық жүк және жолаушылар поэздарына бақылау жасаймыз. Ақауларын анықтап, жөндеп жіберіп отырамыз. Екіншіден, Жаңақорған станциясына және 26 РЗД-ге жүк тиеуге және жүгі бар вагондардың техникалық жағдайы мен бұзылмай сақталуына тексеріс жасау. Үшіншіден, Қазақстан, СНГ және шет мемлекеттерге жүк тиелетін вагондардың жарайтындығын ақтап беру міндетіміз, – деді Әділхан ағамыз.
Иә, теміржол саласының әрбір мемлекеттің даму жолында алатын орны ерекше деп айтуға болады. Сарапшы мамандар қазіргі қазақ теміржолының дамуы айтарлықтай өскен деп нық сеніммен айта алады. Жүк айналымы, жолаушылар саны мен жаңа техникалар осының айғағ.ы Аталған сала қызметкерлері жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісінде өздерінің төл мерекелерін атап өтуді дәстүрге айналдырған.
Акдандық бақылау бекетінде Нұртас Ахметов, Нұртай Айтекеев, Ербол Жамуров, Қайсар Қараметов, Халиулла Қожаев, Жандос Сукенбаев, Нұрасыл Тлеубергенов сынды қызметкерлер еңбек етеді. Ал, 35 жылдан аса қалтқысыз қызметте жүрген Әділхан Ахметовпен бірге Шәзінда Жанбаев және Бектұрсын Ахметовтің есімін де ерекше атауға болады. Аға буын бүгінде ізінен ерген жастарға жол көрсетіп келеді.
– Қандай сала болмасын өзінің қиындығы мен қызығы қатар жүреді ғой. Біздегі қызметте жауапкершілік жүгі көбірек артылады. Өйткені, әрбір вагонның тыныс-тіршілігіне, жүрісі мен техникалық қауіпсіздігіне аса мән береміз. Шыны керек, ел тәуелсіздігін алған жылдармен бүгінгі күнді салыстыруға келмейді. Қазір техниканың тілін түсінген жастарға мүмкіндік мол, ең бастысы іздену керек. Осы саланың дамуы жолында 35 жылдан аса еңбек етіп жүргенімізді мақтан тұтамыз, – деді Бектұрсын Бәйтенұлы.
Бектұрсын Ахметовтің жалпы еңбек жолы аудандық №8 өрт сөндіру бөлімшесінде басталады. Одан кейін, Қызылорда депосына қарасты Жаңақорған бақылау бекетінде, ал, қалған еңбек жолында Қазалы депосына қарасты осы бекетте тынымсыз еңбек етіп келеді. Қызмет барысында алған марапаттары аз емес, әсіресе, Ауған соғысына қатысқаны үшін кеудесіне төсбелгі тағынып, арнайы алғыс пен құрмет көрсетілген. Міне, әскери борышын абыройлы өтеп, өзі таңдаған мамандықта осынша жыл бір мекемеде тапжылмай табанды жұмыс жасап жүрген Бектұрсын Ахметовтың шәкірттері де көп.
Иә, шойын жолдың торабында вагондардың емін-еркін жүруінде еңбек етіп келе жатқан мамандардың қызметі осылай көрініс табады. Ең бастысы, білікті мамандардың қатары артып, аға буынның жолын жалғайтын жастар көбейіп келеді. Олардың тәртібі темірдей, қызметі қауырт, еңбегі ерен.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ темір жолының даңқты бір ғасырлық тарихы мен дәстүрі – ел экономикасының сенімді әрі берік іргетасы. Қазақстан экономикасының өсіміне теміржолшылардың қосқан үлесі орасан зор. Себебі жүк тасымалы болмаса, сауда-саттық болмайды. Ал енді барлық жолаушы және жүк тасымалының ішінде ең үлкен үлес темір жол саласына тиесілі» деген болатын. Ендеше, ел дамуына елеулі үлестерін қосып жүрген теміржол қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап қойсақ артықтық етпес.

Әли ТЕМІРБЕК
01 тамыз 2021 ж. 546 0