№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Совет Исамбаев кім болған?

Совет Исамбаев кім болған?

Совет Исамбаев 1940 жылы 12 желтоқсанда қазіргі «Қосүйеңкі» ауылында дүниеге келген. Жеңіл атлет. Аты аудан, облыс асып, республикаға, әлемге әйгілі болған желаяқ. Бастапқыда, қазіргі «Хорасан-ата» көшесі бойындағы ағасының үйінде жатып №51 мектепте білім алған. Жүгіруді сол кезде бастаған. Кейіннен ағасы Аралға көшіп, білімін сол жақта жалғастырған. Мектеп оқушыларының облыстық спартакиадасында өзі қатысқан барлық қашықтықта бірінші орындарды алып, көп ұзамай Алматыдағы дарынды спортшыларды даярлайтын оқу орнына жіберілген. Алматыда жүріп, сол кезде дене тәрбиесі және спорт институтында оқып жүрген жаңақорғандық Тұрғанбек Аюповпен танысқан. Советтің машықтанған қашықтықтарғы жасаған КСРО рекорды 11 жыл бұзылмай тұрды. Ол туралы деректер Жақсыбек Егізбайұлының жетекшілігімен баспадан шыққан «Әлемге қол созған Жаңақорған спорты» кітабында баяндалған.



Совет туралы басқалардан менің көбірек білуімінің себептері бар. Аралға кетпес бұрын ол №51 мектепте Дүкенбай Досжанов, менің туған ағам Балтабай, және «Қорғантоғай», «Борықты», «Әлімкөл» қонысы орталығындағы біраз азаматтармен бірге оқиды. Кейіннен оның аты республикаға танымал бола бастағанда республикалық «Спорт» газетінде ол туралы бір беттік мақала шыққан болатын. Менің ойымда қалғаны, кешкі уақытта ауылдың малдары жайылымнан қайтқанда, үйүйге малды осы Совет жүгіріп жүріп кіргізуге көмектеседі екен.

Өткен ғасырдың 80-жылдардың екінші жартысында «Қайрат» ерікті спорт қоғамын басқарған кезімде Қызылордада ол туралы талас болатын. Менің дәлелді сөздеріме мән бермей, аралдықтар «Совет аралдың жігіті» деп жеңістік бермейтін. Мен сол кезден бастап қосүйеңкіліктерді кездестірсем Совет туралы сұрастыратын едім. Ол туралы білетіндер болмай жүрді. Іздесең табасың демекші, сол кездері соғыс ардагері Сүлеймен Бекенов пен ветеринария мекемесінде басшылық қызмет атқаратын Сейтхан Үсенбаев деген ағаларымды таптым. Сөйтіп жүргенде 1993 жылдың жаз айларында (ол кезде мен Жаңақорған  санаторийінде клуб меңгерушісі едім) Совет санаторияға емделуге келді. Шипажай клубын халыққа толтырып, онымен кездесу ұйымдастырдық. Өмір жолымен таныстырды. Қалай жаттыққандарын, қай шет елдерде болғанын айтты. Ол барлық жарыстарда орындар алып, КСРОның спорттың абыройын арттырған. Сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алдық. Ағайындары өлең арнап, тілектестігін білдірді. Совет туралы мағлұматтарды мен сол кезде алдым. Қазақ спортында оның ішінде жеңіл атлетикада әлемде ізін қалдырған, (қазақтар арасынан) олимпиада ойындарына қатысып, КСРО-ға медальдар алып берген екі желаяқ – Ғұсман Қасанов пен Әмин Тұяқовтар болса, үшінші тұрған біздің Совет Исамбаев ағамыз еді. Өмірден өтіп кетті. Елеусіз, ескерусіз қалған, ел үшін тер төккен азамат. Бұл ағамызды есте сақтап, дәріптеп жүру бізге аманат. Осы тұста «Қосүйеңкі» ауылдық округ әкімі Әмірхан Ақтаевқа ойымды білдіргенімде, бұл азамат жоспарымды мақұлдады. Құдай қаласа, келер жылдың көктем, күз айларында маңызды бір жарыс өмірге келуі мүмкін.
12 желтоқсан Советтің туған күні. 82 жасқа толады. Мақала жазуыма да осы жағдайлар себеп болды.

Мәметәлі ЖӘДЕНОВ
15 желтоқсан 2022 ж. 397 0