№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өнегелі отбасы ел мерейі

Өнегелі отбасы ел мерейі

Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» мақаласында отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі екендігі жөнінде жазды. Расында мықты отбасы – мықты мемлекеттің тірегі. Әсіресе, отбасы құндылығын сақтап, талап пен талғам тұрғысынан жаңашылдыққа талпынса, жастар бәсекеге қабілетті болып қалыптасатыны анық.
Осындай үлгілі отбасының қатарына Сунақата ауылындағы, Қалымбетовтер әулетін жатқызуға болады. Ерлі-зайыпты Тұрсынбек Әбенұлы мен Роза Сәдірбаева екеуі де Жетісай мәдени ағарту  техникумын  қызыл дипломмен бітірген.  Жас жұбайлар туған жердің мәдени, рухани дамуына  атсалысу мақсатында Сунақата  ауылындағы мәдениет үйіне жұмысқа орналасып, содан бері  қазіргі таңға дейін 37 жыл осы салада еңбек етіп келеді.
Сала жұмысына құрметпен қарап, бүкіл жастық қайраттарын жұмсаған қос саңлақ туралы ауыл әкімі Жұмаділлаев Ақылмұрат мырза өзінің ойын бүгіп қалмады.
– Қалымбетовтер отбасы ауылымыздағы сыйлы жанұялардың бірі. Бірі мәдениет үйінде, бірі кітапханада адал еңбек етіп, перзенттеріне де өнеге тәрбие бере білді. Тура жолмен жүрген жанұяның балалары да тәрбиелі, өз істерінің маманы, – дейді ол.
Тұрсынбек аға кейіннен жоғары білім алу мақсатында Шымкент педагогикалық университетін, жұбайы Роза апай  М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан  университетіноқып, жоғары білімді маман атанады. Мәдениет  үйіндеқызмет ете жүріп ауылда жүрген талай талантты өнерпаздардың  өнерін шыңдап, өнер жолын таңдауға атсалысқан Тұрсынбек Әбенұлының шәкірттері қазіргі таңда республикалық байқаулардан жүлделі орындар иеленіп жүр. Осы еңбектері еленіп, 1987жылы II Бүкілодақтық   Халықтар творчествосы фестивальінің лауреаты медальімен және Облыс,  аудан әкімінің  алғыс хаттарымен марапатталды.
«Баланың жақсысы – әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы; жаманы – қайғысы, азап – соры» дегендей, болашақ тәрбиесіне ұстын қылар қазық ретінде қазақ менталитетінде әкенің орны жөнінде тоқталған Тұрсынбек аға.
– Әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Мен де осы жауапкершілікті түсініп, балаларымды тәртіпке, еңбекке баулып және мейірімді болуды саналарына сіңірдім. Әрине бұл тұрғыда анасының да қызметі орасан  зор.  Жанұяда әкенің әмбебап болуы қиналмай өмір сүру үшін маңызды. «Бір әкенің берген тәрбиесін жүз мектеп бере аламайды» деген бабалар сөзінің жаны бар. Cондықтан біздің отбасымызда адалдық пен сыйластық бірінші орында, – дейді ол.
Отбасы – шағын мемлекет деп қарасақ, сол мемлекеттің қабырғасының берік болуы ата-ананың өнегесіне, тәрбиесіне байланысты. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» демекші Тұрсынбек аға мен Роза апаның өнегесін көрген ұрпақтарының да тәрбиесі келіскен.
Отанасы Роза Төлегенқызы осы жылы мәдениет қызметкерлері күні қарсаңында "Қазақстанныңқұрметті кітапханашысы" атағыниеленіпті.
– Біздің отбасындағыберік ұстанымымыз  білімді болу,  адал еңбек ету, отбасында ынтымақты ауызбіршілікті сақтау. «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап, Өзіңе сен өзіңді алып шығар, Білімің мен ақылың екі жақтап» деген Абай сөзі ортақ қағидамыз. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың маңызы зор, – дейді Роза апамыз.
Мерейлі отбасы екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. Үйдің үлкені Мұхит қос дипломды азамат, мәдениет саласында қызмет атқарады. Түрлі байқаулардың жеңімпазы. Ол жақында ғана өткен «Шиелі жыл үздігі – 2021» мега жобасында Тәуелсіз елдің мұрат-мүддесі жолындағы қызметі үшін «Үздік әнші» номинациясы мен «Жыл үздігі – 2021» статуэткасын, аудан әкімінің  Алғыс хатын иеленді. Екінші ұлы Шыңғыс қазіргі таңда  ауылда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында  қоғамдық заманауи  монша салып, ел игіліне пайдалануға берді. Бұл монша Екпінді, Еңбек, Сунақата  тұрғындарына қызмет көрсетуде. Сымбат  Алматыдағы М.Тынышпаев атындағы темір жол академиясын бітіріп, тұрмыс құрып қазір Ақтөбе облысында  темір жол саласында қызмет жасайды. Осы перзенттерінен Айсултан, Айлин, Медина, Муслима, Айбатыр атты немерелері бар.
«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сөзін әр адам санасына сіңірсе, Тәуелсіз еліміз одан әрі гүлденері анық.
05 шілде 2023 ж. 287 0