№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бірінші байлық–денсаулық

Бірінші байлық–денсаулық

Айналаға зер салып қарасақ, соңғы жылдары жүрек ауруына шалдыққандар қатары көбейіп барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикалық мәліметіне сүйенсек, жыл сайын 18 миллионға жуық адам жүрек ауруынан қайтыс болады екен. Ертеректе бұл сырқат ересек адамдар да ғана кездессе, статистикалық мәліметтер дерттің жастар арасында да артып бара жатқаны байқатады. Жүрек ауруына не себеп? Оның алдыналу жолдары мен емдеу шаралары қандай? Осы сұрақтар төңірегінде аудандық емхана кардиологы Нұрберген Булековпен сұқбаттасқан едік.– Бұрындары тек қарт адамдардың ғана жүрегі ауыратындай көрінетін. Еліміздегі сарапшы мамандар жүрек аурулары жасарып барады деп дабыл қағуда.

– Иә, соңғы уақыттары жүрек ауруымен ауыратын жастар көбейді. Менің бақылауымда 21, 25, 28 жастағылар бар. Бұрындары жылына 15-16 науқасты есепке алатын болсақ, қазір 26-27 науқасқа дейін барады. Осыдан біршама уақыт бұрын 40 жастан асқан адамдар шағымданып келетін болса, қазір 25 жастан бастап ем алып жатады. Биылғы жылы 5 адамның жүрегін ашып ота жасаса, 23 адамның жүрегіне стент қойылды. Былтыржы жылмен салыстырғанда біршама көбейген. Тіпті қазір инфаркт, миокардо және стенокардия сияқты аурулар жылдан-жылға жасарып келеді. Енді осы дерттің пайда болу себебіне тоқталайын. Адамның барлық жасушалары қанмен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілгенде ғана үздіксіз жұмыс істейді. Күнделікті бізге қаралуға келген жандардың басым көпшілігін қан қысымының көтерілуі мен қант диабеті мазалайды. Жалпы елімізде осы жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім азаймай тұр. Жүрек ауруының көбеюінің бірден бір себебі, салауатты өмір салтын сақтамаудан. Үлкені де, кішісі де тез дайындалатын тағамдарға үйір. Қала берді, қимыл-қозғалыс азайды. Түсіне білгенге, жүрек – адам ағзасының моторы ғой. Қан айналым жүйесіне жүрек жауап береді. Ол күретамыр арқылы іске асады. Күретамырдан шыққан қан бүкіл ағзаға тарайды. Жүректің маңызы осында. Егер салмақ артық болса, жүрекке көп күш түседі. Салмақ көптігі, тамақты мөлшерден көп жеу, майлы тамақ жеу жүрекке өте ауыр. Тамақтану режимін дұрыс жолға қойған жөн. Шылым шегу де жүрек пен қан тамырларының бітелуіне әкеледі. Айта кетейін, көпшілік науқас жандар ауруды өткізіп алады. Бейқамдыққа салынып, ауырған жеріне мән бермей, уақытша ауруды басатын түрлі дәрілерді ішіп, уақыт оздырып алады. Соңында тығырыққа тірелгенде ауруханаға келеді. Бұл кезде дәрігерлерге де өте қиын.

– Жүрек ауруының белгілері қалай білінеді? Адам бойында қандай белгілер болған кезде дәрігерге қаралу керек?

– Қорқуға тұрарлық ең басты белгі– жүрек, кеуде тұсының қысып, күйдіріп ауыруы. Ауырсыну сол қол, жауырын асты, жақ асты, сол жақ мойын тұсына беріледі. Екінші белгі – ауа жетпей қалу, ентікпе. Үшінші белгі – денеден суық тер шығу. Бойыңызда осындай белгілер болса міндетті түрде 103-ке хабарласуыңыз керек. Кейде жүрек ауруы мен басқа дертті шатастырып келетіндер болады. Мысалы, жүрек ауруына шағымданып келген адамның өзін нашар сезінуіне тұмау, дене қызуының жоғарылауы себеп болуы мүмкін. Инфаркт кезінде адамның дене қызуы 40 градусқа дейін көтерілмейді. Өкпенің қабынуы, асқазан жарасы немесе қабырға сынған кездегі ауру белгілері мен жүрек ауырған кездегі белгілер ұқсас болады.

Жүректе ауру тудыратын биохимиялык процесстер болып жатса да жүрек ауруы көпке дейін сыр бермеуі мүмкін. Оның алғашқы белгісі деп кеудеде жайсыздық сезіліп, көкіректің орта тұсы қысылса айтуға болады. Сондай-ақ ауаның жетіспеушілігінен әлсіздік пайда болады. Кеуде мен асқазан тұсы шаншып ауырады. Кейбір адамдар оны іш құрылысының ауырсынуы мен шатастырып жатады. Егер денеден суық тер шығып, жүрек тұсы 10 минуттан 20 минутқа дейінгі ұзақтықта ауырса бірден дәрігерге көрінген жөн.

Шыны керек көбіне жүрек ауырып сыр бергенде мән бермей жатамыз. Алайда, сіз байқай бермейтін жүрек ауруының бірнеше белгісі бар. Атап айтсам, кеуденің ауырсынуы. Кейбір адамда кеуде тұсы аздап ауырса, енді бірінде шымшу немесе жаншып ауыратын кездер болады. Егер осындай ауырсынуларды байқаса, онда дереу жүректің ультрадыбысын немесе кардиограмма жасату керек. Сонымен қатар, тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, асқазанның ауруы немесе ауырлық сезімі. Әрине, жүрекке ешқандай қатысы жоқ көптеген себептерге байланысты ас қорыту жұмысы бұзылуы мүмкін. Соның бірі ешқандай себепсіз жүрек айну немесе кеудедегі ыңғайсыздық белгілері байқалса, дәрігерге барған дұрыс. Себебі қан ағымының төмен болуы – жүрек қызметінің нашарлығының белгісі.

Сондай-ақ, кез-келген адам ұйықтап жатып қорылдауы жиі кездесетін құбылыс. Қорылдау шынымен де адам денсаулығы үшін қауіпті. Себебі қорылдаған кезде тыныс алу тоқтап қалу мүмкін. Бұны медицинада апноэ деп атайды. Яғни оттегі жетіспеушілігіне байланысты адам инфаркт пен инсульт сияқты ауруларға душар болады. Сондықтан қорылдауды жәй ғана әдет деп қарамай, уақытылы қаралған дұрыс. Әрі себепсіз ентігуде дұрыс емес. Тыныс алудың қиындауы қандағы оттегінің аз екендігінің алғашқы белгісі. Көбінесе физикалық белсенділік себеп болады. Оттегінің жетіспеушілігі қан айналымының нашарлауынан, өз кезегінде жүректің бұзылуынан туындауы мүмкін.

– Егер күтпеген жерден қасыңдағы адамның жүрегі ауырып қалса, алғашқы көмекті қалай көрсету керек?

–Жүрегі ауыратын адамдар арасында күтпеген жағдайда ағзаға қан мен оттегі жетіспеушілігі болуы мүмкін. Егер сол жақ кеуде тұсы қатты қысып пышақ сұққандай ауырсыну болса, адам мүлде қозғала алмай қалады. Бұндай жағдайда ең біріншіден адамның кеуде тұсын ұстап, есін білетініңе көз жеткізуіміз қажет. Екіншіден қарапайым үй жағдайында жүрекке массаж жасау керек. Қатты тегіс жерге жатқызып, төсті ойша үш бөлікке бөліп, оның ең төменгі жағынан бастап отыз рет басамыз. Одан кейін науқастың тамырын тексеріп, дем алып жатқанын анықтау керек. Осындай жағдай орын алса, бөлменің терезесін ашып желдетіп, еркін тыныс алуын қадағалау керек. Әрине одан кейін жедел-жәрдем шақырту керек. Егер кез-келген адам жедел-жәрдем жеткенше көрсетілетін алғашқы көмек түрін білетін болса және оны дер кезінде көрсететін болса, айналасындағы бір адамның болса да, өмір сүруге мүмкіндігі артар еді.

– Жүрегім ауырмасын деген жан нені қатаң сақтауы керек?

– Біздің ағзадағы барлық мүшелер атқаратын қызметтеріне сәйкес бірбірімен тығыз байланысты. Ең осалы жүрек қан-тамыр жүйесі. Ол тек екі элементтен жүрек пен қан тамырдан тұрса да, адам денсаулығы оның жұмысына байланысты. Басты себеп шылым шегу, ішімдік, артық дене салмағы, күйзеліс, физикалық белсенділіктің аздығы жүрек ауруын асқындырады. Организмдегі кезкелген асқынулар немесе патологиялық процестер адамның жұмыс қабілеті мен функционалдық мүмкіндіктерінен біржола айыруы мүмкін. Сондықтан жүрек ауруларының алдын-алу үшін әр адам өз денсаулығыңа мән беру керек. Жүрегім ауырмасың десеңіз, күнделікті жаттығу жасап, қандай тағам жеп жүргеніңізге мән беріңіз және күйзеліске бой алдырмаңыз. Дәл қазіргі қоғамда жүрек қан-тамыр дертіне ең көп себеп болатын нәрсе – күйзеліс. Күйзеліске жол бермеуге тырысу керек.

– Сұқбатыңызға рақмет!

Әсел РЗАЕВА
08 желтоқсан 2022 ж. 365 0