Ардагерлермен жарқын жүздесу
Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектептің 60 жылдық мерейтойына арналған кезекті шарамыздың бірі ардагер ұстаздармен кездесу өткізілді. Кездесу шарасы ардагерлерді салтанатты түрде күтіп алумен басталды. Мектеп мерейтойына орай батыр қыз Әлия Молдағұловаға арналған кабинеттегі құнды жәдігерлермен бастауыш сынып мұғалімі, Әлия мұрасын зерттеуші Саматова Тұрсынкүл таныстырды. Сонымен қатар заман талабына сай жабдықталған ұл балаларға, қыз балаларға арналған оқу кабинеттерінде оқушылардың өз қолдарымен жасалған қолөнер бұйымдарын тамашалады. Мектеп кітапханашысы Омарова Лаззаттың «Оқуға құштар мектеп» жобасы жұмысының нәтижесін көріп, оқушыларға ардагер ұстаздар батасын берді.
Мектеп жаңалықтарына шолу жасап болғаннан кейін, акт залда ардагер ұстаздарға арналған «Ардагерлермен жарқын жүздесу» атты кездесу сазды әуенмен басталды. Мектеп директоры Гүлмира Расилқызы Конырбаева ардагерлерді мектеп мерейтойымен құттықтап, ыстық лебізін жеткізді. Ардагер ұстаздардың өткен өмірінің естеліктерінен жинақталған бейнебаянды тамашалап, жаратылыстану, математика, информатика пәні мұғалімдері ұйымдастырған көңілді ойын, сұрақ-жауап, ән-шашуларына ризашылықтарын білдірді. Ардагер ұстаздар ұжымға рахметтерін айта отырып, мерейтойымен құттықтап, өз естеліктерімен бөлісті.
Шара соңында ардагерлерге ақ дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді. Мектеп ұжымына, ұйымдастырушыларға ақ батасын берді.