№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Колледж бітірушілер қайда барады?

Колледж бітірушілер қайда барады?

  Аудандық аграрлы-техникалық колледжді бітіріп, қолдарына диплом алған түлектер қайда қызметке орналасады? Осы сауал ата-аналарды көп мазалайды. Қазір колледжде 489 студент дәріс алады. Оның 124-і биыл қабылданған. – Бізден түлеп ұшқан студенттердің 65-70 пайызы қызметке орналасады. Ол шартты түрде, ал, жоғары оқу орнына тестілеу арқылы грантқа түсуге де мүмкіндігі бар. Мәселен, былтыр бітірген 179 түлектің 122-і жұмысқа орналасса, 35 жас әскерге аттанды, 22 түлек жоғары оқу орнына түсті. Одан бөлек, жеке кәсіпкерлер және аудандағы ірі өндіріс орындарымен меморондум бар.
– “Шалқия Цинк ЛТД” мекемесімен мемоондум жасаған екенсіздер.
– Иә, Шалқия жер асты қазбаларын жүргізуге 4 жылға мердігерлікке отырған “Қытай-Азаматтық-Инженерлік-Құрылыс Корпорациясының” бас директоры Дзянг Хайвен және “Шалқия Цинк LTD” әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ғабит Ғазизқанұлы кәсіптік колледжде болды. Екі жақты өзара келіссөз арқылы аталмыш мамандықта оқып жатқан студенттер Шалқия кен орындарынан Өндірістік практикадан өтіп, іскерлік тұрғыда шыңдалады. Бітірген соң, тиісінше сіздердің тараптан жұмыспен қамту жайы қарастырылса деп негізгі сұранысты жеткізді. Тек онда басшылық құрам өзгеріп, сәл кідіріс болуда. Одан бөлек бітірушілер көлік қызметі, қыздар тігін шеберханалары мен аспаз қызметінде жүр. Сұранысқа сай мамандар Атырау мен Құмкөлге қызмет ауысытыр жатқандары да аз емес. Нақтысын айтқанда, біз білікті кадрларды дайын өнім ретінде шығарудамыз. Өйткені, ұстаздардың білім сапасы жоғары, республикалық жоғары оқу орындарынан тәжірибе жинауға жиі барып тұрады. Мәліметіне дәлел ретінде жастарды іздедік.
Біз 2019 жылы бітірген түлек Дидар Ибрагимовтың қызметіне келдік. Қазіргі сұранысқа сай автокөлік жөндеуді жетік меңгерген маманның қызметіне жаңақорғандықтар жиі жүгінеді. Соның ішінде өзім де бармын. 2022-2023 жаңа оқу жылында «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша 9 сынып негізінде 21 студент және «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша 9 сынып негізінде 22 студент оқуға қабылданған. Оқубағдарламалары «TALAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамы келісіліп осы бағдарламамен оқу жүргізілуде. Алдағы жоспар қандай? – Колледжімізде 19 мамандық 24 біліктілік оқытылуда Тау кен саласы бойынша қазіргі уақытта оқытылып жатқан Жер асты тау-кен жұмысшысы мамандығы бар «Шалқия Цинк LTD»- ға керек мамандықтарын анықтап, алдағы уақытта жаңа мамандық ашу жоспарлануда. Атап айтқанда, тазарту забойының тау-кен жұмысшысы, үңгуші, жер асты тау-кен монтаждаушысы, техник-технолог, маркшейдерлік ісі, пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу мамандықтарыбар, – деп түйіндеді колледж директоры міндетін атқарушы Дәулетхан Мадиярханұлы.
04 мамыр 2023 ж. 272 0