№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қазақтың қайсар қызы

Қазақтың қайсар қызы


          Қазақтың қаһарман қызы сол кездегі Орал облысы Бөкей Орда ауданының Жасқұс ауылында 1922 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Әкесі Жиенғали қоймада күзетші болып, ал анасы Тойшылша үй шаруасымен айналысқан. Ата-анасының азан шақырып қойған есімі – Мәнсия. Оны анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен.Өмір өзі қызық қой. Небәрі үш жасар бала Мәншүкті әкесінің перзент сүйе алмай жүрген інісі Ахмет асырап алғысы келетіндігін айтып өтініш жасайды. Ата-анасы баласын  қимағанымен қыздарының қалада оқып, болашағы жарқын болғанын қалайды. Осылайша қазақтан шыққан алғашқы дәрігер – Ахмет Мәметов жұбайы Әминамен Мәншүкті Алматыға алып кетеді. Батыр қыз балалық, жастық шағында Әмина Мәметованың тәрбиесін көреді. Тегін ауыстырған Мәншүк 1931-1938 жылдары Алматы қаласындағы №28 мектепте білім алады. Кейіннен әке жолын қуып, медицина институтына оқуға түседі. 1937 жылы дәрігер Ахмет Мәметов «халық жауы» деген айыппен қамауға алынады. «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта», - деген екен Ахмет әйеліне айтқан соңғы сөзінде. Жайсыз оқиғадан кейін Мәншүктің анасы Әминаның да басқан ізі аңдулы болып, соғысқа дейінгі жылдары көп қиындық көреді. Тұрмыстары төмендеп кеткеннен кейін ол Халық комиссарлар кеңесінің денсаулық сақтау бөлімінде хатшы-машинист қызметін атқарады. Жұмыстан бос кезінде жалпыға міндетті соғыс өнерін үйрену сабақтарына қатысып, қару-жарақтың барлық түрін меңгеруге күш салады.
«Мен, Мәметова Мәншүк, 1922 жылы кедей шаруаның отбасында дүниеге келгенмін. Ата-анам қазіргі уақытта қайтыс болған. Жұмысшы факультетін оқып бітіргенмін, қазір Халкомкеңесте халық комиссарлары кеңесі төрағасы орынбасарының жеке хатшысы болып қызмет етемін. Өмірбаяным жөнінен қысқаша мағлұмат бере отырып, сізден ағаларыммен және апаларыммен бірге фашист-қарақшыларды талқандап құрту үшін мені майданға жіберуіңізді сұрағым келеді. Өйткені майданға баратындай ағайым да, апайым да жоқ, сол себептен де өзім сұранамын. Өтінішімді қанағаттандыруыңызды сұраймын. 1939 жылдан комсомол мүшесі. 27.08.1941 ж. (М.Мәметова)» деп жазды қайсар қыз өз өтінішінде.
Міне, осылай тағдыр тауқыметін тартқан Мәншүк Мәметова 1941 жылдың басында үйінен жатақханаға қоныс аударады. Осы кезде Мәншүктің қасынан табылып, демеу болған замандас досы, танымал жазушы Ілияс Есенберлин былай еске алады: «Біз екі жігіт, Мәншүктің жақын достары, барлық қиыншылық, ауыртпалықты көрдік, тірідей жетім Мәншүкті барынша жұбатып, демедік. Ол әкесі Ахметтің ұсталып кеткеніне қатты қайғырды, ешқандай тағат таппады, әкесімен кездесуге сұранды, инстанция бойынша да жазды, яғни әкесі Ахмет Мәметовтың кінәлі емес екендігін дәлелдеу үшін. Бірақ өкінішке қарай, мұның бәрі бос әурешілік болды. Бір кешкі уақытта біз оның байлығы: шереден жасалған сандықша толы жеке заттарын алып үйінен жатақханаға көшірістік. Жұмыстан бос кезімізде Мәншүктің жанында болуға тырыстық».
1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Мәншүктің майдандасы, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов майданға аттанар сәтін былай еске алады: «Біздің санымыз 100-бригада қатарында І Алматы станциясынан аттанарда 4889 болды, ал Жоғарғы Қолбасшы И.Сталиннің жеке өкімімен эшолон аттанарда қатарымызға Мәншүк қосылып, санымыз 4890 адам болды».
Қасық қаны қалғанша жаумен қасқая күрескен қазақтың батыл да батыр қызы Мәншүк 1943 жылғы 15 қазанда ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты.
         Сондай-ақ, Орал қаласында Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Х ашық республикалық турнир ұйымдастырылды.
Ал, 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесін атап өту аясында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы Мәншүк Мәметованың Астанада орнатылған ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Ал, ақын, жазушы Мәриям Хакімжанова 1945 жылы қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі туралы «Мәншүк» поэмасын жазса,  1969 жылы «Мәншүк туралы дастан» (сценарий авторы - Андрей Михалков-Кончаловский, режиссері Мәжит Бегалин) көркем фильмі түсірілген.
1944 жылғы 1 наурызда Мәншүк Мәметоваға Батыр атағы беріледі. Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесінде барша қазақстандықтар  қазақ халқының қаһарман қызы, Кеңес одағының Батыры Мәншүк Мәметованың даңқты есімін мақтан етеді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан Алматы, Орал және ресейлік Невель қалаларында Мәншүк Мәметованың ескерткіштері орнатылған.
05 мамыр 2023 ж. 251 0