№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ҚР-сы Президентінің кезектен тыс сайлауы өз мәресіне жетті.

ҚР-сы Президентінің кезектен тыс сайлауы өз мәресіне жетті.


Біздің қоғам мүшелерінің кейбірі өздерінің үй-жайларынан дауыс берді. 6 кандидат халық талқысына түсті. Сайлау қорытындылары көрсетіп отырғандай, бұл сайлауда басым дауыспен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көш бастады және оған ешкімнің күмәні да болған жоқ. Себебі, Қасым-Жомарт Кемелұлы осыған дейінгі Президенттік қысқа мерзімде халық игілігі жолында қаншама батыл шешімдер қабылдап, Қазақстанның әл-ауқатын арттыру жолында еселі еңбек етіп, елдің көңілінен шықты. Ел Президенті 7 жылға сайланды және Әділетті Қазақстанды құру идеясын іске асыруға жақсы мүмкіндіктер туып отыр. Олай болса, барша қазақстандықтарды лайықты жеңісімен құттықтап, сайлауда жеңіске жеткен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына сәттілік серік болсын дейміз. Баршамыз Мемлекет басшысының жарқын идеяларын іске асыруына бірауыздан қолдау білдіріп, Әділетті Қазақстанды бәріміз бірге құрайық!
22 қараша 2022 ж. 486 0