Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудандық ардагерлер кеңесінің ел халқына үндеуі

Аудандық ардагерлер кеңесінің ел халқына үндеуі

Құрметті жерлестер, ардақты ағайын!
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылдың 5 мамыры күні Жаңа Қазақстанды құру жолындағы жаңа бастамаларын ұсына отырып, Конституциямызға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу жөнінде тарихи шешім қабылдады. Мемлекет басшысының бұл қадамын біздер, аға буын өкілдері де қуана мақұлдадық. Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің басты мақсаты – еліміздегі саяси жүйені өзгерту, халықтың көп жылғы талап-тілектерін ескеру, азаматтарымыздың мемлекетті басқару ісіне қатысуына кең мүмкіншіліктер беру, саяси үдерісті түбегейлі демократияландыру. Осы бағытта Ата заң баптарының үштен біріне өзгерістер енгізілгелі отыр.
Дамудың жаңа кезеңінде, Жаңа Қазақстанды құру үшін қабылданып жатқан осындай аса маңызды шешімдерді бүкіл ел болып қолдауымыз қажет.
Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның жарқын болашағын айқындайтын осы референдумға белсенді қатысып, әрбір азамат дауыс беріп, жаңа тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қосуы тиіс. Бұл конституциялық реформа, жоғарыда айтып өткеніміздей, барлық мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге бағытталған. Яғни, "Суперпрезиденттік" басқару үлгісінен ықпалды Парламент және есеп беретін Үкіметі бар Президенттік республикаға көшетін боламыз. Бұл реформа Парламент пен мәслихаттардың ықпалын арттырады. Сайлау процесіне аралас мажоритарлы-пропорционалды жүйе енгізіледі. Конституцияның жаңарған нұсқасында көрсетілгендей, Президент барлық саяси күштер мен партиялардан дербес болады және оның жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге, сондай-ақ квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруына тыйым салынады. Мемлекеттік жүйе жетілдіріліп, қоғам мен биліктің тиімді диалогы орнатылады. Конституциялық сот құрылады, өлім жазасы алынып тасталады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қабылданып жатқан шаралар. Олай болса барша ел тұрғындары, осы Референдумға біркісідей қатысып, бәріміз бірге Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құратын боламыз. Сондықтан барша аудан тұрғындарын елдің ертеңі, ұрпағымыздың келешегі үшін ауызбіршілік таныта отырып, 5 маусым күні өтетін республикалық референдумға қатысуға шақырамыз. Еліміздің жарқын болашағы – өз қолымызда! Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!
31 мамыр 2022 ж. 642 0