Сайлауға 8 күн қалды
Еліміздегі президент сайлауына 8 күн қалды. Ел президенттігіне кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті. Қазір жер-жердегі штаб өкілдері сайлаушылармен кездесіп, кандидаттар да ел аралап, халықпен жүздесіп, көпшіліктің көкейіндегі мәселелерді назарға алып жүр. Қазіргі уақытта сайлау алды үгітнасихат жұмыстары жүруде. Бірақ орталық сайлау комиссиясы шешімімен 19 қараша күні бұл іс толық тоқтайды. Жалпы еліміздегі сайлау науқанына 6 үміткер іріктелді. Халық осы 6 адамның ішінен алдағы дауыс беру күнінде өз Президентін таңдамақ.
Еске сала кетейік, кезектен тыс президент сайлауы 20 қараша күні таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін жалғасады. Сосын 12 сағаттың ішінде берілген дауыстар есептеледі. Нәтижесі 22 қарашада жарияланады. Әзірге науқанға қатысты шығын көлемі талқыланып жатыр екен. Комиссия мүшелерінің болжамы бойынша 20,5 млрдтан астам қаражат жұмсалып отыр.
Президент сайлуына алғаш рет 2 әйел қатысып жатқанын да айта кетейік. Оларды қоғамдық бірлестіктерден ұсынды. Сондай-ақ осы сайлауда жеңіске жететін президент қайта сайлана алмайды. Себебі елімізде президенттің басқару мерзімі 7 жылға бір-ақ рет сайлана алады деген заң қабылданд