Штаб мүшелерінің үгіт-насихат жұмыстары басталды
Күні кеше елімізде сағат 18.00-ден бастап ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының үгіт-насихат науқаны басталды.
Бүгін Жаңарық ауылдық округінің тұрғындары мен жастарына ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Ауылдық клубта өткізілген жиынға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі Жаңақорған аудандық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Сопбеков Ғалымжан Жарқынбекұлы қатысып, Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын қолдау жөнінде ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алдағы сайлау науқанына бірауыздан қатысуға шақырды.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары өз кезегінде сөз алып, еліміз үшін жоғары маңызға ие ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына барып дауыс беретіндіктерін жеткізді.