№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Балалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары»

«Балалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары»


Қазіргі уақытта балалы отбасыларды қолдаудың қолданыстағы моделі мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің 6 түрін қамтиды.
Жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасында да осы әлеуметтік қолдау шараларының барлығы толық сақталған.

Оған қоса, балалы отбасының жекелеген санаттарын қолдаудың қолданыстағы шараларын күшейтуге бағытталған бірқатар жаңалықтар енгізілуде.
Ең негізгілерінің бірі – 01.01.2023ж. бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жасқа дейін ұзартылады.
Ата-аналары балалардың ең маңызды сәби шағында  жанында көбірек болады.
Аталған норма жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға да қолданылады.
Бұл құқықты 500 мыңға дейін ата-ана пайдаланатын болады.
Бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға үміткер әрбір ата-ана оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі неғұрлым көп болса, төлем мөлшері соғұрлым жоғары болатынын білуге тиіс.
Бұл төлем бүгінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жүргізілген табыстың 40%-ын құрайды.
Ал, жұмыс істемейтіннемесе бала туылғанға дейінгі соңғы екі жылда 6 айдан кем жұмыс өтілі бар ата-аналар жәрдемақы мен төлемдерге тек мемлекеттік бюджеттен ғана үміткер бола алады. 
Жаңа Әлеуметтік кодекс жобасы бойынша осы санаттағы отбасыларды қолдау үшін төлемдер тоқтатылмайды және республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақы мөлшеріне сәйкес төленетін болады.

«Наградталған аналар» мәртебесін енгізу.
Əлеуметтік кодекс жобасына  көп балалы ананың сіңірген еңбегін құрметтеу жəне тану ретінде өмір бойы «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І жəне ІІ дəрежелі «Ана даңқы» ордендері бар əйелдерге «Наградталған аналар»  мәртебесі деген жаңа ұғым ензіледі.
Әлеуметтік әділеттілікті орнату үшін наградталған аналарға берілетін жәрдемақының мөлшері сараланатын болады.
Бүгінде 6, 7 жəне одан да көп бала туып, тəрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жəрдемақы алуда.
Əлеуметтік Кодекс қабылданғаннан кейін, «Алтын алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналар үшін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.
07 қараша 2022 ж. 372 0