№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада МӘМС аясында 18 мыңға жуық бала медициналық оңалтудан өтті

Қызылордада МӘМС аясында 18 мыңға жуық бала медициналық оңалтудан өтті


Қызылорда облыстық балалар ауруханасы жанындағы «Қамқорлық» оңалту орталығында балалар өздерінің алғашқы дербес қадамдарын жасайды. Орталық 2022 жылдың басында, балалар жылының басталуымен ашылды. Бір жарым мыңнан астам кішкентай пациенттер оңалту емін алды.


Жеті жасар Акнұрда туа біткен жамбас дисплазиясы, церебральды сал ауруы бар. Анасы Жанардың айтуынша, қалпына келтіру емін Алматы қаласында, Талсуат кентіндегі облыстық оңалту орталығында өтті. Енді оңалту емі облыс орталығында, «Қамқорлықта» қолжетімді.

«Осы орталыққа келгенде Ақнұр әлсіз болды, жиі құлап жүрді. Қазір қызым қолдаусыз, өзі жүреді. Оңалту емін дәл қала орталығында, жаңа, заманауи ғимаратта өтіп жатқанымызға қуаныштымыз», - деді Жанар.Жамбас сүйегінің туа біткен шығуы жеті жасар Мәдинада алты айлық кезінде анықталған. Анасы Нұргүлдің айтуынша, қызы көп қиындықты бастан өткерді: ауыр ота, гипспен емдеу, екі жыл төсекте, Виленский шинасын тағу (бұл жамбас буынының ауытқулары бар балаларға арналған ортопедиялық құрылым). Қазір Мадина көмексіз жүреді, екінші сыныпта оқиды және қалпына келтіру емінен уақтылы өтеді.

«Қамқорлық» орталығында бассейн бар, жүзу иммунитетті нығайтуға ықпал етеді. Бұрын қызым тез шаршап, нашар жүрді. Қазір денсаулық жағдайы әлдеқайда жақсы. Мүгедектікті болдырмау үшін оңалту курстарынан уақтылы өту керек. Шүкір, енді басқа оңалту орталықтарында емделу үшін кезек күтудің қажеті жоқ», - дейді ата-ана.60 орындық «Қамқорлық» орталығында медициналық оңалтудың инновациялық әдістері қарастырылған. Олардың қатарында гидрокинезотерапия, иппотерапия, магнитотерапия, механотерапия, шунгит бөлмесі, тұз шахтасы және тағы басқалар.

«Орталық түрлі диагноздары бар балаларға оңалту көмегін көрсетеді: церебральды сал ауруы, гидроцефалия, буын, жүрек аурулар, сөйлеу қабілетінің бұзылуы және т.б. Бірнеше оңалту курстарынан кейін біз жақсы нәтижелерді көреміз. Балалар көбірек қозғала бастады, психологиялық денсаулық, әлеуметтік бейімделу жақсарды», - деп атап дәрігер-реабилитолог Шолпан Арғынбаева.Жыл басынан бері Қызылорда облысында 18 мыңға жуық бала медициналық оңалту курстарынан өтті. Осы мақсаттарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 266,1 млн теңге бөлінді.

11 қазан 2022 ж. 976 0