«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 100-ден астам тұрғын медициналық оңалту емін алды

100-ден астам тұрғын медициналық оңалту емін алды


Коронавирустық инфекция ауруының өсуімен тұрғындардың, жарақаттардан, отаулардан, инсульттан кейін созылмалы аурулары күшейе түсті. COVID-19-мен ауырғандар науқастарда «постковидті синдром» байқалады. Оларға қалпына келтіру емі, үшінші кезеңдегі медициналық оңалту қажет. Ол амбулаториялық жағдайда да жүзеге асырылады.
Сырдария ауданы С.Сейфуллин атындағы ауыл тұрғыны Тұрсынай Мырзағалиева аудандық аурухананың емханасынан күн сайын қажетті ем-дом қабылдайды. Білім саласының ардагері дәрігерлердің барлық тағайындауларын қатаң ұстанады.
Тұрсынай апа инсульт алды. Үш жыл бұрын аяғын сындырды. Көпсалалы облыстық ауруханада эндопротез орнату бойынша ота жасалды. Мұнда ол медициналық оңалтудың бірінші және екінші кезеңдерінен өтті. Биылғы жылы да каронавирустың жағдайы күрделі болып түр. Өзін және және жақындарын қорғау үшін ардақты ұстазекпе алды.
«Жасыма және ауруыма қарамастан, мен коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алдым. Бүл індетті тоқтату және ұжымдық иммунитетті тез дамыту үшін барлық тұрғындарды вакцинациялауға шақырамын. МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар үшін медициналық оңалту қызметтері қолжетімді болғанына қуаныштымын. Аудандық ауруханада қалпына келтіру емінің барлық түрлері қарастырылған және арнайы жабдықтар бар. Сонымен қатар, емхана жақын орналасқан. Қазір денсаулығым жақсарды. Дәрігерлерге мың алғыс!», - дейді Тұрсынай Мырзағалиева.
Жыл басынан бері Сырдария аудандық ауруханасында 127 адам медициналық оңалту емін алды, оның 28-і - амбулаториялық жағдайда.
Амбулаториялық оңалту бөлімінің меңгерушісі Салтанат Бакишеваның айтуынша, көбінесе бас ми қан айналымның бұзылысының салдарынан, жүрек ишемиялық аурулар және ауыр жарақаттан кейінгі жағдайлар бойынша науқастар емделеді.
«Сондай-ақ COVID-19-мен ауырған, қатар жүретін аурулары бар пациенттер келіп түседі. Коронавирустық пандемия оңалтудың қаншалықты маңызды екендігін және бұл бастама қаншалықты уақытылы жүзеге асырылғанын көрсетті», - деп атап өтті Салтанат Бәкішева.
2020 жылы МӘМС енгізіліген сәттен бастап, медициналық оңалту шығыны 1,41 млрд теңгені құраса (2019 жылға қарағанда 23,8 есеге көп), 2021 жылға жоспарланған тек МӘМС пакетінде қарастырылған қаражат 2,47 млрд теңге, яғни өткен жылмен салыстырғанда 1,06 млрд теңгеге өскен (75,2%).

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және өтініштерді
қарау жөніндегі бөлімі
27 тамыз 2021 ж. 367 0