№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Екіжақты ынтымақтастық: Сыр елінде Түрік компаниялары жаңа жобаларды іске асырады

Екіжақты ынтымақтастық: Сыр елінде Түрік компаниялары жаңа жобаларды іске асырады


Сыр өңірінде соңғы 3 ай ішінде Түркия мемлекетінің ірі компанияларымен бірлескен жобалар аясы кеңеюде.


Екіжақты ынтымақтастық нәтижесінде аймақта инвестициялық жаңа өндіріс орындары мен нысандар салынбақ.

Аймақта «Акса энерджи» компаниясы ТМД елдерінде теңдесі жоқ заманауи жылу электр орталығының құрылысын салуға ниет білдірді. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев түрік инвесторы Коркут Озтуркпен кездесіп, ортақ келісім аясында нысанның құрылыс капсуласын салу рәсіміне қатысты.

Құны 215 млрд.теңгені құрайтын жобаның қуаттылығы 240 мегаватқа жетеді. Жылу электр орталығы 2025 жылы ел игілігіне беріледі.

Өткен сенбіде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың шақыртуымен Қызылорда өңіріне Түркияның KOÇ Holding компаниясының өкілі Өзгур Бурак Акколь және отандық «Orbis Kazakhstan» компаниясының басшысы Сухраб Әбдіғаппурұлы Махмудов арнайы келді.

Тараптар арасында Жаңақорған ауданында қызанақ пастасын шығаратын зауыт мәселесі талқыланды.

Құны 13,5 млрд.теңгені құрайтын жоба жылына 24 мың тонна томат пастасын дайындауға мүмкіндігі бар. Жобаны қос компания тең көлемде қаржыландырады. Зауыт іске қосылғанда 154 жұмыс орны ашылады.

Ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы негізінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов Түркия мемлекетіне арнайы барып, бірқатар компания өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Түрік кәсіпкерлері аталған қос жобадан бөлек, аймақта өндірісте және сауда орындарында пайдаланатын қағаз қапшықтары мен қағаздан жасалатын ыдыстарды шығару жобаларын жүзеге асыруға ынталы екендігін білдірді.

Айта кетейік, өңірге инвестициялық жобалар тарту – әкімдіктің басым бағыттарының бірі. Тың жобалар арқылы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туады.

29 қыркүйек 2022 ж. 633 0