№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғанда облыстық аналар кеңесінің отырысы өтті

Жаңақорғанда облыстық аналар кеңесінің отырысы өтті


Жаңақорған шипажайының мәжіліс залында «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» жобасы аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Бақытты ана – бақытты отбасы» атты кездесу кеші өтті.

 Кеңес отырысына Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлы Тұрсынбаев, Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Қаржаубайқызы Ахметова, Қызылорда облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Манат Тамабайқызы Әлмашева, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Арыстанқызы Каримова, облыстық қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Айгерім Икрамқызы Әлиева, алтын алқа иегері Қуаныш Ахметқызы Мырзабаева, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының магистрі Жақсыгүл Қоханқызы Тоғанова, облыстық неміс этно мәдени бірлестігінің басшысы Ирина Николаевна Шек және аудандық Аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері, ауданымыздағы көп балалы және кәсіпкер аналар, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдері қатысуда.

 Алдымен жиынға қатысушылар Жаңақорған шипажайының фойесінде әзірленген кітаптар көрмесімен және қолөнер көрмесімен танысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлы жүргізді.
"Қоғамның қай саласында болмасын еліміздің өркендеуі жолында еселі еңбек етіп келе жатқан аналарымыздың орны қашанда бір бөлек. Қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген аналардың рөлі, отбасы құндылықтары мен отбасы институтының маңыздылығы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі әрі бірегейі болып қала бермек. Осы орайда Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» республикалық жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Жобаны іске асыру мақсатында арнайы "Жол картасы" әзірленді және Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірлерінде түрлі форматта шаралар іске асырылуда», - деді Дархан Турсынбаев.
 Кеш барысы аналар мен ұлағатты аналардың отбасындағы бала тәрбиесі, отбасылық құндылықтар жөніндегі диалог - сұхбатымен өрілді. Мұнан соң қатысушылардың назарына аудан өнерпаздарының музыкалық жыр шашулары ұсынылды.

01 шілде 2022 ж. 493 0