№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт

Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт


Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген мәжілісінде Аналар кеңестері арқылы біздің ұлттық құндылықтарымыз жаңғыртылып, жас ұрпаққа берілетін өзіндік мектепке айналғанын атап көрсеткен болатын.


 Осы орайда, ауданымызда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен "Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт" республикалық жобасы аясында "Бақытты ана-бақытты отбасы" тақырыбында ғибратты кездесулер жоспарланған.
 Алдымен аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов Рахима Қаржаубайқызы бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар кеңесі мүшелерін қабылдап, жылы лебізін білдіріп, ауданымызда "Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт" республикалық жобасы аясында өтетін шаралардың жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.
 Аудан басшысы жиынның мазмұны мен мақсатына тоқталып, отбасындағы бала тәрбиесі, отбасылық құндылықтарын насихаттаудағы жобаның үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

Шара соңында аудан басшысы Мұрат Жолкелдіұлы аналарға сый-сыяпат тапсырып, құрмет көрсетті.
01 шілде 2022 ж. 483 0