Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аралда полицей сәбиді ажалдан арашалады

Аралда полицей сәбиді ажалдан арашалады


Аралда кәріз құдығына құлаған нәрестені полиция қызметкері Дәуренбек Жанайбеков құтқарып қалды.

Қызылорда ТЖД хабарлауынша, Дәуренбек жұмысынан келіп үйде түс әлетінде демалып жатқан. Ол даладан айқай-шуды естіп, жалма-жан сыртқа шығып, оқиғаның жәй-жапсарына қанығып үлгереді. Көрші үйдің ес біліп қалған баласы Дамир кәріз құдығы жақты нұсқады. Дәуренбеконыңбетіашықтұрғанынкөрді. Оның ішінде екі метрдей төменде сәби лас суға түсіп кеткен екен.

«Лас суға түсіп кеткен сәби біраз есін жоғалтып алған секілді. Әлсіз қолдарын ербеңдетіп қояды. Оны бірден ұстап алуға мүмкіндік болған жоқ. Құдық ішіндегі тымырсық ауа да еркін қимыл жасауға мүмкіндік берер емес.Әйтеуір бүлдіршінді лас судан шығарып сыртта тұрған адамдарға беріп үлгердім», – деді Дәуренбек.
Кәріз құдығы ішіндегі ауа оны әлсіретіп жіберді.Өзінің одан шығуға мүмкіндігі болған жоқ. Сол жерде есінен танып құлап қалды. Оны сырттағы жігіттер құдықтан шығарып алды. Одан кейін Дәуренбек ауруханада жансақтау бөлімінде ем алды. Құдықтағы судан құтқарылған балаға да дәрігерлер медициналық көмек көрсетті.

Ескендір Ертай
18 шілде 2019 ж. 758 0