Конституция

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сәрсенбідегі аудан әкімінің халықпен кездесуі

Сәрсенбідегі аудан әкімінің халықпен кездесуі


Сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімінің халықпен кездесуі қырдағы ауылдардың тыныс-тіршілігінен басталды.

 Үш күн қатарынан 12 елді мекенді аралап халықтың әл- аухатын көзбен көріп, көңілге түйіп, өтініш, мұқтаждарын ескеріп жүрген аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы бүгінде Жайылма ауылдық округінен бастап, Сунақ ата, Екпінді ауылдарының ұсыныс- пікірлерін тыңдады.

 Тыңғылықты жұмыстарымен таза ауада, еркін форматта халыққа есеп берді. Ауыл ақсақалдары мен жалынды, жанашыр жастары көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай 3 ай бұрынғы өтініштер мен түрлі жоспарлар, атқарылған игі істерге есеп берді. Солардың бірі ауыз су , газ, жол мәселесі, шаруа қожалығы мен жарықтандыру жағдайын баяндады.

“Адамның дегені емес, “Алланың дегені болады. ”- дейді. Бұл дәйекті сөзді қашанда тілімізге тиек етіп жүретін дана халықпыз. Алайда талапшыл басшы мен білікті қызметкер болмаса жұмыстың уақытында бітуі күмән келтірері анық.

Барлығын елмен бірге көріп, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосамын деп жүрген аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов ауыл тұрғындарын жағымды жаңалығымен қуантып, ақ сақалды аталарымыздың батасын алды. 2023-2024 жылы ауыл газбен толықтай жабдықталатынын, ауыз су мәселесі де қарқынды жұмыстың арқасында 100% іске асырылатынын, шаруашылық жағдайы, жарықтандыруды қолға алып, мамандар өз қызметтерін күні-түні тынбастан , ауыл әкімдерімен тығыз байланыста отырып жасайтындығына уәде берді.

Адамның арманы таусылсынба шіркін....
Түрлі тақырыптарға тоқталып, жеке мәселе, үй кезек, жұмыссыздық, тәлім-тәрбие жайында ой түйерлік ,астарлы әңгімемен көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, келесі ауылға қарай беттедік.




Ботагөз Маратқызы
24 тамыз 2022 ж. 501 0