№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ынтымақты елге бақ қонады

Ынтымақты елге бақ қонады


Міне жаздың соңғы айы да тәмамдалып, Сыр елінде егінге орақ түсті. Диқан қауымы маңдайы күнге жарқырап, молшылық ризығын төкпей-шашпай жинап алуға барынша кірісетін күн туды. Осындайда елдегі ағайынның еңбегіне табыс, әрбір ісіне береке тілейміз. Тәуекелді тіршілігіне кірісер жанның да тәннің де бір сыналатын кезі бұл.

  Ризық Алладан. Кім болсын маңдайына біткен несібесіне жетпей қоймайды және оны жеп бітпей өмірден өтпейді. Тек сол несібеңе қалай қол жеткізу жолы адамның өзінің еркінде. Мысал келтірелік: Бір күні Хазіреті Әли (р.а) мешітке жақындап қалғанда бір баланы кездестіреді, маңдайында оның бүгінгі күн несібесіне 5 динар бұйырып тұрғанын көріп, сол ақшаның мына балаға өзінен нәсіп болуын қалайды. Оған: Ақынды беремін, мен мешітке кіріп шыққанша атымды қарауылдай тұр, – деп өтінеді. Бұл кісі мешітке кіріп шығамын дегенше әлгі бала мұңын атының алтын еріне қызығып, ұрлап, зытып отырыпты. «Қап әттеген-ай» деп өкінген Хазіреті Әли базарға ер сатып алмаққа бұрылған еді, есік аузында отырған кісіден өзінің алтын ерін кездестірді.

 – Жаңа ғана бір бала 5 динарға өткізіп кетті, 5 динарға ала ғой, – деген саудагерге ақшасын ұсынды. Яғни, бала бүгін несібесінде тұрған 5 динарға қол жеткізді, бірақ халал нәрсе бөтен пыйғыл араласып, харамданды. Өмірде барлық жан осындай сынақтардан өтуде, бірақ өздері байқай бермейді. Ал, мыңдарды, миллиондарды иеленіп жатқандар ше, олар да Алланың ризығына қол жеткізуде, бірақ сол миллиондар ғаріп-қасерлерге қарасу, қайырымдылық істермен халалданады.

 Біздің арамызда өз адал еңбегімен өсіп-өркендеп, кәсібін жетілдіріп, өз отбасына ғана емес, халықтың әлеуетін арттыруға қызмет етіп жатқан іскер азаматтар баршылық. Солардың қатарында Батталовтар жанұясын бөле-жара айтуға болады. Ағайынды жігіттер шағын ғана сауда жасаудан бастап, бүгінде жеке-жеке супермаркет дүкендер ашып, ел қажетін өтеуде маңдай терлерін төгіп кәсіп қылып жатыр. Өткенде осы жігіттердің біріне келген құрдастарының бірі: «Бізге бір сауда дүкенінді қи. Кредитке сауда жасайтындарға зат әкеп қойып, сатсақ деп едік» демей ме? Зат бағасына үстеме қоюдың өзін дұрыс көрмейтін намазхан жігіттермен мұндай келісімге келу мүмкін болмады. Ағайынды кәсіпкер азаматтардың жолы ашық, жұмысы дөңгелеп жатуының сыры осында. Иман мен тазалықта.

 Туыс-бауыр ғана емес, түбі бір атадан тараған Адам Ата ұрпағын жалғап келе жатқан ұлы сезім-адамгершілікті асқақ тұтқанда ғана көктеп көгереріміз кәміл. Тәуелсіздік таңында өмір сүріп жатқан біз бақыттымыз. Бірақ бір қынжыларлығы, осы бақытымызды дұрыс бағалай алмай жүргендейміз. Тағы да кез-келген кері кеткен ісімізге қоғамды, жүйені кінәлаймыз. Заман түзелмек үшін адамдардың өздері түзелуі керек емес пе? Осы ретте мына тәмсілді келтірсек: «Заманында бір кісі өзінің ел басқарушысына (халифасына) көңілі толмай жүреді. Кей кезде халқының тіршілігін көзбен көрмекке жай кісі кейпінде шаһарды жаяу аралайтын әдеті бар һакімнің алдынан қарсы шығып, жерден бір нәрсе іздегендей түртінектеп келе жатады.

 – Әй, замандас, жерден не іздеп жатырсың? – деген һакімнің сұрағына:
– Мен Хазіреті Омар сынды патшаның әділдігін іздеп жүрмін, – деп жауап береді. Үндемей кете барған басқарушы келесі жолы әлгі адамға өзі бетпебет келуге тырысады. Қарсы келгенде енді әкім түртінектеп жерден басын көтермейді.
– Не іздеп жүрсіз? – деген сұраққа әкім:
– Мен Хазіреті Омардың кезіндегі сондай ізгі, сондай жаны таза халықты іздеп келе жатырмын, – деп жауап береді.
Бұдан ұғатынымыз, хан да, қара да өзінің жолымен, қабілетінің, шамасының жеткен жеріне дейін тіршілік тініне тірек болуды мұрат тұтып, ізгілікке ұмтылғанда ғана жер бетінде жұмақ орнатуға болады. Халықтың қолдауы басшыға қанат бітіреді. Ал бізауыздылық болған жерде ынтымақ орнайды. Ынтымақты елге бақ қонады!

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
23 тамыз 2022 ж. 328 0