№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Індет қайта өршімесін

Індет қайта өршімесін


Ауданда 2022 жылы 19 тамызға дейін коронавирус инфекциясын жұқтырылған 649 науқас есепке алынды, былтыр осы кезеңде 796 науқас есепке алынған болатын, аурушаңдық 23,7 пайызға төмендеу орын алды. Барлық тіркелген науқастардың ішінде 20,3 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар арасында (132 жағдай) тіркелді.

 Биыл аурудың ең көп тіркелуі қаңтар айында орын алды, барлық науқастың 78,4 пайызы 443 жағдай қаңтар айында есепке алынды, ақпан айында -21 науқас, наурыз, сәуір, мамыр, маусым айларында ауру есепке алынбаса, шілде айында қайта жоғарылау орын алып 101 науқас, ал тамыз айының 19 күніне 84 науқас анықталды.

 Бүгінгі күні барлығы 33 науқас ем алуда, оның ішінде стационарда-1 науқас ем алып жатса, 32науқас үй жағдайында бақыланып ем алуда.

 Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12 тамыз 2022 жылғы №29 қаулысы шығарылып, 2022 жылдың 16 тамызынан бастап күшіне енді. Қаулыда тәуекелі төмен- «жасыл аймақ», орташа- «сары аймақ» және тәуекелі жоғары-«қызыл» аймаққа айысқан кезде шаралар айқындалған. Қазір бағалау матрицасына сәйкес аурудың тәуекел дәрежесі ауруға шалдыққандардың ауыр ағымына және стационарлық төсек орынның толтырылуына қарай есептеледі.

 Атап айтқанда: Өңір эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес тәуекелі төмен аймақта («жасыл аймақ») болған кезде, халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер, көрермендер қатысатын спорттық ісшаралар), ұйымдасқан ұжымдарда, көліктің барлық түрлерінде(қоғамдық көлік, әуе, теміржол, халықаралық автобус тасымалдары) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды киюді;

 Өңір тәуекелі орташа аймаққа («сары аймақ») ауысқан кезде
– міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін болмайтын жұмыскерлерді қоспағанда, жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс істеу нысанына ауыстыру; – білім беру ұйымдарындағы іс-шараларды топтарды қосып өткізуді болдырмау (топтарда іс-шараларды өткізуге рұқсат етілген);
– желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін, желдету режимін сақтау, адамдар көп жиналатын объектілерде, көліктің барлық түрлерінде санитариялықдезинфекциялау іс-шараларын күшейту талап етіледі;
– халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойынсауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар), ұйымдасқан ұжымдарда, көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, теміржол, халықаралық автобус тасымалдары) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалану қажет.

 Өңір тәуекелі жоғары аймаққа («қызыл аймаққа») ауысқан кезде:
– 10-нан астам адамның қатысуымен өткізілетін кеңестерді онлайн форматқа көшіру;
– жабық үй-жайларда, көліктің барлық түрлерінде медициналық немесе матадан тігілген маскаларды міндетті түрде пайдалану;
– жабық мекемелерге баруға шектеулер енгізуді қамтамасыз ету;
– объектілерде «Ashyq» қосымшасын міндетті түрде пайдалануды, «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдарға ғана кіруге рұқсат ету;
– мемлекеттік органдар (ұйымдар), кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 30%-ын қашықтықтан жұмыс істеу нысанына ауыстыру;
– адамдар көп жиналатын іс-шараларды (салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, ойын-сауық және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар) толымдылығы 50%-дан аспайтын объектілерде өткізуді қамтамасыз ету» қаперге алыну керек;

 Қазір біздің аудан жасыл аймақта, дегенмен ауданда күнделікті 3-8 науқасқа дейін тіркелуде, сондықтан қаулыда көрсетілгендей көпшілік орындарға барғанда маска киіп, сақтық шараларын естен шығармауға және коронавирусқа қарсы вакцинация немесе ревакцинация алғаннан кейін 6 ай мерзім өтсе қайта екпе алуға шақырамын.

 Сондай-ақ ауру белгілері пайда болғанда өздігінен ем жасамай, аурудың асқынуын болдырмау үшін жергілікті емдеу орындарына қаралып дәрігердің тағайындауымен ем алуды ұсынамын.

Шынар Айдарова, Жаңақорған аудандық санитариялық
эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы
22 тамыз 2022 ж. 276 0