№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жыл басынан бері шекарада заңсыздық деректері тіркелмеген

Жыл басынан бері шекарада заңсыздық деректері тіркелмеген


Биыл Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 30 жыл толды. 18 шілде – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін күзетіп, бейбітшіліктің кепілі жолында қызмет етіп келе жатқан шекарашылардың төл мерекесі.


  Осы ретте өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік шекараны күзету бөлімінің аға офицері, майор Азамат Құмарбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

 - Шекара қызметі құрылғалы салада көптеген жақсы өзгерістер болды. Еліміз тәуелсіздік алған жылдармен салыстырғанда қызмет көрсету тұрғысынан бастап, шекарашылардың әлеуметтік тұрғыдағы жағдайлары да біршама жақсы қалыпқа түсті. Бүгін де Қызылорда облысы аумағындағы шекара бекетінің аумағы барлығы 740-745 шақырымды қамтиды. 2021 жылдан бастап облыс аумағында атаулы шекара бекеттері орнатылған. Онда функционалдық қызметті жүзеге асыру үшін жаңа технологиялық құрал-жабдықтар қолданылады. Орнатылған камералардың көмегімен күніне 250-ге жуық фото-видео айғақтар бақылау пунктіне жіберіліп отырады. Осындай қырағылық пен күзет деңгейі қауіпсіздігі жоғары болғандықтан жыл басынан бері шекара аумағында ешқандай заңсыздық деректері анықталған жоқ, - деді А.Құмарбек.

Сондай-ақ, шекара бөлімшесін де қызметкерлер сырттан келетін көліктерді қатаң бақылауға алып, аймақ тыныштығын қамтамасыз етіп отыр.
18 тамыз 2022 ж. 233 0