№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді

Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді

Мемлекеттік қызметті өркендету, дамыту, мінсіз ету бағытында аз жұмыстар жасалып жатқан жоқ.
         Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді
нығайтуға ықпал етеді.
         Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі және қызметтік әдеп мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.
         Осы негізде Жаңақорған аудандық сотының мәжіліс залында сот қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің  әдеп кодексінің  жалпы ережелері, қағидаттары, жауаптылықтары мен ерекшеліктерін талқылау мақсатында семинар өткізілді.
         Семинар барысында аудандық соттың жетекші маманы М.Дәріқұлов баяндама жасады. Ол өз баяндамасында жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейтінін және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға негіз болатынын айтты.
         Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану және
Кодекстің жаңа редакциясында «клиентке бағдарланған» мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде ашықтық қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар қарастырылғанын айтып өтті.
         Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге өзгерістер енгізілгенін, тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеп-тексеру, тәртіптік комиссия материалдарын қарау тәртібі және тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті адамның шешім қабылдау мерзімдері нақтыланғанын айтып өтті.
         Баяндамашы шара соңында қатысушыларға халықтың мұң-мұқтажын шешуде сыбайлас жемқорлықтан алшақ жүріп, әділет органдарының атына сай еңбек ету керек екенін және аталған Кодекстің талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
         Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
29 шілде 2022 ж. 384 0