Мемлекеттік қызметтің имиджі
Мемлекеттік қызметті өркендету, дамыту, мінсіз ету бағытында аз жұмыстар жасалып жатқан жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді.
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Сондықтан. мемлекеттік қызметкер имидждің функционалдық және мәртебелік міндетін Отанға берген антындай білуі, сақтауы тиіс.
Ең бірінші қызметке жаңа келген мамандар тестілеуден бөлек, үш күн ішінде Әдеп кодексімен танысып, ондағы талаптарды қатаң ұстануы керек.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделеді. Бұл қағидаттар - қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет етуді, жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеуді, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз етуді, азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарауды, мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк, әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауды көздейді.
Жалпы, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуы, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауы, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауы, мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұруы тиіс.
Заңда белгіленген шектеулерді сақтауға, мүдделер қақтығысын болдырмауға, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытуы, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуі, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауы керек. Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеуге міндетті.
Халықтың мұң-мұқтажын шешуде сыбайлас жемқорлықтан алшақ жүріп, әділет органдарының атына сай еңбек ету керек.
Жаңақорған аудандық сотының жетекші маманы
А.Алмасов