№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Мемлекеттік білім беру гранты: Қызылордада құжат қабылданып жатыр

Мемлекеттік білім беру гранты: Қызылордада құжат қабылданып жатыр


Елімізде 13 шілдеден бастап мемлекеттік грант байқауына құжаттар қабылдау науқаны басталды. Қазіргі уақытта Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің №5 оқу ғимаратында қабылдау комиссиясы демалыссыз жұмыс істеуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай хабарлады.


Құжат тапсыруға келетін талапкерлер легін қабылдауға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің мамандары толықтай дайын. Керекті құрал-жабдықтармен қамтылған кеңесшілер, техникалық хатшылар талапкерлерге ақпарат беріп, жан-жақты қолдау көрсетуде.

 «Бүгінде университет бойынша 24 техникалық хатшы жұмыс жасайды, оның ішінде 8 техникалық хатшы қосымша виртуалды қабылдау жұмысын атқарады.

Ал, оқуға түсушілерге кеңес беру мақсатында университеттің профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді», – деді Жандос Нұртайұлы.Қабылдау комиссиясында талапкерлердің өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы 10 дербес компьютермен жабдықталған.

Университеттің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында қабылдау жұмысына қатысты барлық ақпараттар жүйелі түрде жариялануда.

Биыл жоғары оқу орындары виртуалды кеңселерін қайта ашты және қабылдау комиссиялары алғашқы жұмыс күндерінен бастап өтініштерді оффлайн және онлайн қабылдауда. Мұнда университет қызметкерлері кеңес береді және бейне байланыс арқылы құжаттарды қабылдайды.

Университеттер мен виртуалды қабылдау комиссиялары үшін барлық қажетті ақпараттар Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында орналасқан.

Сонымен қатар, №5 оқу ғимаратының аумағы шатырмен және орындықтармен жабдықталып, келушілерге барлық жағдай жасалды. Қазіргі уақытта  талапкерлер мен ата-аналар үшін «Жігер» мейрамханасы және екі асхана жұмыс істеуде. Кезекте тұрған келушілерге арнап университеттің өнерпаздары әннен шашу шашып, жиналған қауымның ықыласына бөленді.

Айта кету керек, қабылдау комиссиясы 20 шілдеге дейін жұмыс істейді.

Брифингте қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Марат Абжаев осы кезге дейін, яғни 19 шілде, сағат 15.00-ге дейін талапкерлерден 3622 өтініш келіп түскенін атап өтті.

2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша 11- сыныпты бітірген 7506 түлектің 6452-сі ҰБТ-ға қатысты. Оның 6036-ы шекті деңгейден өтті. (416 түлек шекті деңгейден өтпеген)

Талапкерлер оқуға түсуге қатысты барлық сұрақтар бойынша төмендегі номерлерге хабарласа алады: 8 7242 23-53-92, Call center 8 702 922 44 58, Watsapp: 8 776 538 88 99;

Инстаграм: @korkyt_ata_university.

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 15, № 5 оқу ғимараты.

Қазіргі таңда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 8 мыңға жуық білім алушы бар. Биылғы оқу жылын 2159 түлек бітіріп, оның 200-ге жуығы үздік диплом иегері атанды. 

Университетте 62 бакалавр,  36 магистратура және 13 докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярланады. Білім алушылардың жан-жақты дамып, өз саласының үздігі атану үшін оқу орны тарапынан мол мүмкіндік берілген.
20 шілде 2022 ж. 263 0