» » Мың да бір ем –қымыздың несі кем?

Мың да бір ем –қымыздың несі кем?

Ата-бабамыздан  келе жатқан, саусаң – сусын, жесең – тамақ, мінсең – көлік болған жылқы малының адам өмірі үшін пайдасы  орасан зор.Ғылыми зерттеулер бойынша, жылқының етінің қоректік қасиеті өзге малдардың етіне қарағанда 24-25 пайызға көп болады екен. Сондықтан да ол қорытуға жеңіл, әрі ағзаға тез сіңеді. Қазіргі кезде жылқы етінен жасалған қазы-қарта, жал-жаяны білмейтін адам кемде-кем. Жылқының етімен қоса сүтін де үлкен сұранысқа ие.
– Аудан көлемінде осы кәсіпті серік етіп, нәтижесін көріп отырған отбасылар қатарында кент тұрғыны Мұратбек Рыс­панбеттың жанұясы 2009-2010 жылдан бері бие байлап, сүтін сауып, алған өнімнің бабын тауып келеді. Шаруа адамының бір күндік қарекеті былай өріледі екен.
– Таңғы 6-дан басталған қауырт жұмыс қас қарайғанша жалғасын табады. 4 биені әр екі сағат сайын сауып, саумалын қажетінше сатып, қалғаның ашытып, қымыз  жасайды. Есік алдында «Мың жылқы» атты шағын қымызханасы бар. Мұнда қымыз, қымыран құрт, қолдың майы табылады. Жан-жақтан сұраныс көп көрінеді.
Қымызды дайындау үшін тоңазытқышта сақталған саумалға ашытқы салып киік отымен ыстайды екен. Сол кезде бабымен дайындалған қымыздың дәмі таңдайдан кетпейді. Бірнеше жылдан бері тұтынушы қатарында бұған өзіміз де куәміз.
Кент тұрғыны Орынбек Түкібаев ағамыз да осы кәсіппен 7-8 жылдан бері айналысып келеді. Таңнан кешке дейін балаларымен бірге жұмыс атқарып,  2 биені 5 мезгілден сауып, күніне 12 литрден аса өнім алады екен. Биенің бағым-күтімі балаларының мойнында. Бұл кісілер де жоғарыдағыдай тәсілмен қымызды ашытып, алдымен күбінікиік отымен немесе тобылғымен ыстайды. Содан соң қымызды үстіне құйып піседі. Қымыз жұмсақ болу үшін оған құйрық май қосады екен. 
Саумалдың пайдасы туралы ізденіп, біл­геніміз төмендегіше:                                       
– Жаңа сауылған  жас саумалқырықтан аса дәрумендерден тұрады. Саумалды таңғы астан жарты сағат бұрын, түскі асқа дейін және кешкі астан бұрын бір кесесін ішудің өзі ағзаға өте пайдалы екен. Биені жаңа сауған кезде жылы күйінде ішсе емдік қасиеті өте күшті.
Сүтті сауғанда қалайы ыдысқа сауса шипалық қасиетін тез жояды. Саумалды қыш ыдысқа, не болмаса ысталған қауаққа сауады. Тағы бір ескертетін жәйт, саумалды бір ыдыстан келесі ыдысқа қотарып мазалай бермейді. Саумалдың шипалы болуына, қымыздың емдік қасиетіне – жылқының жайылымы, жеген шөбі, ішкен суы мен ауасының да әсері бар.
Саумалдың шипалық қасиеті  қырыққа жуық аурудың алдын алады. Әсіресе асқазан, қырыққатпаршақ, өт, бауыр, тоқішек қа­бынуының алдын алуда маңызы зор. Қан кеселіне тосқауыл, оны «қанның сүзгісі» деп орынды атайды. Ағзаның ауруға қарсы белсенділігін күшейтеді. Обыр клеткаларына тосқауыл болып, буын ауруларына пайдасы тиеді. Көптеген адамдар бие сүтін қалай қолдану керектігін біле бермейді. Негізінде саумалды күніне 4-5 рет, тамақтанудың алдында 20-30 минут бұрын, 250 мили­граммнан ішкен абзал. Ем осылай жалғаса берсе бір аптадан кейін, адамның көңіл-күйі көтеріліп, ұйқысы жақсарып, асқа деген тәбеті ашылады. Емделу уақыты – 1 ай. Бие сүті сауылғаннан кейін 3 сағаттың ішінде негізгі қасиеттерін жоғалтады, мұны да біле жүрген жөн. Қымыздың бабы пісуі мен сапыруға тікелей байланысты. Неғұрлым жиі піскен қымыз қоюланып, дәмі кіре береді. Ал жиі сапырылған қымыздың ашуы қайтып, жұмсара түседі.
Жаңа сауылған бие сүті сүзіліп, суымай тұрғанда күбідегі немесе сабадағы саумалдың үстіне құйылады. Содан соң 30-40 минут пісіп, аузы тығындалып тасталады.
Қымыз – туберкулез ауруына таптыр­майтын ем. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде “С” витамині мол. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе, туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Сондықтан да туберкулезді қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған екен. Қымыздыңаса пайдалы  қасиеті:
– құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне жақсы ықпал етеді.
– саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе тіпті пайдалы.
– ашыған қымыз шөлді басып, қан­тамырды қордаланған зиянды қалдық­тардан тазартады. Іш қатудың алдын алады.
– ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына өте пайдалы.
– адам денесінің күш-қуатын  артты­рады, бүйрек пен бауырды қанықтырады, қан тамырларын тазалайды.
– Буын аурулары мен сүйектің қақ­сауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын тежеп,
– адамның физикалық жағдайын оңалтып, тәбетін ашады, асқорытуды жақсартады.
«Ата-бабамыздан келе жатқан ағар­ғанның осындай ғажайып артықшылы­ғын біліп, бейнеті қанша мол болса да беті қайтпай, игілікке икемдей білген іскер азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Осынау кәсіптің өрісін ашар ынталылар қатары артып, көше бойларында сауда нүктелері, арнайы дүкендер ашылса бие сүтіне қолжетімділік артып, қажеттілігін алып, бағасы да арзандар еді. Ол үшін бізге қымыз-қымыран нарығында бәсекелестік артқаны маңызды.
Әсел Ибрагимова
23 шілде 2022 ж. 373 0