Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕГІ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕГІ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сексеуіл кентінің теміржол вокзалындағы күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан Темір Жолы» АҚ. Вокзал 1904 жылы салынған, бүгінде 13 жұп пойызына қызмет көрсетеді. Күрделі жөндеу 2012 жылы жүргізілген.
Мердігер мекеме «Техноснастка Ремсервис» ЖШС.
Еске салайық, елімізде 100 теміржол вокзалын жаңғырту қолға алынған. Оның 10-ы - Қызылорда облысының аумағындағы ғимараттар. Өңірдегі теміржол вокзалдарын күрделі жөндеу үшін шамамен 5,0 млрд. теңге қаржы қажет. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелер «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-мен келісімшартқа отырды.
2023 жылы Қызылорда қаласындағы ғасырдан астам тарихы бар вокзал мен аумағы толықтай жаңғыртудан өтті.
Осыған дейін аймақ басшысы барлық аудандағы теміржол вокзалдарының күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып, тиісті тапсырмалар жүктеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
26 тамыз 2025 ж. 1 071 0