Бақдаулет Махашов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Бүгін партия алаңында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Бақдаулет Махашов азаматтардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар жұмыспен қамту, денсаулық, әлеуметтік көмек көрсету жөнінде өтініштер білдірді.
Мәселен қабылдауға алғаш болып келген қала тұрғыны Элдар. Ол өзінің ІІ-топ мүгедектігіне орай жұмыс табу қиындық тудырып отырғандығын алға тартып, күзетші қызметін атқаруға келісім берілгендіктен күзетшілік қызметті іздестіріп келіпті. Халық қалаулысы мәселені назарға алып, жұмыс қарастыруға көмектесетіндігін жеткізді.
Жалпы қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік яғни қаржылай көмек көрсетуді сұрады. Қабылдау барысында барлық азаматтардың өтніштері қанағаттандырылды.
Атап өту керек қабылдау барысында бұған дейін фракция мүшесінің қабылдауында болып, мәселесі оң шешімін тауып алғыс білдіруге келген азаматтар да болды.